Аудан тұрғыны Дәулетбаев Руслан Құлсары қаласынан 20-25 шақырымдай орналасқан Ащыкөл маңындағы бұрынғы тұрақтар маңынан тапқан мыс,темір,қорғасыннан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен оқ ұштарын әкеліп табыстады.
Табысталған заттардың ішінде белдіктің бастары,мыс алқа,кілт,мыс қасық және ине,патшалы Ресей империясының гербі бейнеленген мыс ілгектер,1880 жыл белгісі бар қорғасын пломба,винтовка, пистолет оқтарының ұштары,басқа да әшекей бұйымдарын,барлығы 42 затты табыстады. Осындай өлке тарихына жанашырлық танытып,далалықтан тапқан бүгінде сирек кездесетін бұйымдарын арнайы музейге алып келген азаматқа ұжым атынан ризашылығымызды білдіреміз.