Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Қазақ халқының мәдениетін зерттеу үшін маңызды ақпараттық дереккөздердің бірі қолданбалы өнер — қол тоқымалығы болып табылады

Қазақ халқының мәдениетін зерттеу үшін маңызды ақпараттық дереккөздердің бірі қолданбалы өнер — қол тоқымалығы болып табылады. Дәстүрлілік, оның күнделікті өмірде кең таралуы, оларда құрылымдық белгілер жиынтығының болуы (әдепсіз техника, түс, ою-өрнек, семантика) өнердің бұл түрін өкілдік Тарихи көздер санатына жатқызады.

 

Қоржын.

Қоржын ол өрмек құрып, иірілген жүннен тоқылатын бұйым. Түрлі заттар алып жүруге пайдаланылады.

Айналасы  жолақты келген, екі жақ беті түрлі өрнекті, түкті  болып келеді. Түріне қарай ат қоржын деп аталады. 

Алаша түрінде тақыр етіп тоқылған түрі.  Қоржынның екі қалтасы біріне бірі тең.
Қоржынның ұзындығы — 120 см, ені — 36 см болады. Екі қапталындағы қалталары 38×38 см төрт бұрышты ортасындағы асатын бөлігі — 20 см болады. Адарғыны екі желі ортасынан өткізіп, күзу жіптері адарғыны жоғары көтеріп, төмен түсіргенде шатыс түсіру үшін керек . Шатыс арқау өткізу үшін пайдаланылған.Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғыны пайдаланып, тапсырған тұрмыстық бұйымы.

Мерзімделуі: ХХ ғ.

 

Өрмек

Тоқып басталған 1 метр қошқар мүйізді жүз тер алаша өрмегі. Алашаны тоқу материалдарын дайындап, бастап тоқыған Хайруллина Ақілгек (1939-2016жж). Қосшағыл кеңшарының мал шаруашылығында еңбек еткен. Қолөнермен, оның ішінде. ұлттық нақыштағы алаша тоқу, киіз басу секілді тұрмыстық бұйымдарды жасаумен айналысқан шебер. Өрмек қол өнер бұйымдарын толықтыру мақсатында алынды. Музейге тапсырған: Хайруллина Жұпар

 

Мерзімделуі: 28 қараша 2016ж

 

     

Сырмақ — киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар. ХІХ ғасыр

 

Басқұр — киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Ені 20—30 см. Басқұрды өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ Басқұр және түксіз немесе ала Басқұр болып екіге бөлінеді. Түкті (ақ) Басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) Басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды. Тапсырған Өткелбаева Алданыш Дүйішікқызы  тоқып дайындаған қол өнер бұйымдары.

 

Басқұр.

Киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Басқұрды өрмекпен терме тоқу әдісімен әр түсті жіппен, ою-өрнекті етіп тоқыған. Аталған түкті (ақ) басқұр түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқыған. Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғыны, «Аудандық тұрмыстық қамту комбинатының» шебері Диярова Арудың қол еңбегі. Тапсырған автор.

Мерзімделуі: 1978 ж.