Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Кітапхана

Кітапхана ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы десек, бүгінгі кітапхананы дүниеде ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағы мен тәрбиенің қазығы дейміз.

Қазіргі таңда музей қорында 2000-ға жуық кітап жинағы бар. Жылыой аудандық музей кітапхана қорының негізін музейге сыйға тартылған кітаптар, аудан энциклопедиялары, ауданға еңбегі сіңген ауылшаруашылық қызметкерлеріне, мұнайшыларға, басқару саласы, өнер қызметкерлеріне арналған кітаптар, мерзімді басылымдар (газет-журнал) анықтамалық сөздіктер құрайды.

Жылыой ауданының құрылғанына 70 жыл толуына орай шығарылған кітап.

Кітапты құрастырушылар: Н.Сүйембаев, Ө.Құмарғалиев, Қ.Қалдыоразов

Жылыой ауданының байырғы өндіріс ошағы, қазына мекені, жабдықтау базасы туралы жазылған кітап.

Ақын, журналист, Жылыой ауданының «Құрметті азаматы» Қ.Қалдыоразұлының ел тарихына, ата-баба шежіресіне қатысты жазбаларды топтастырып, кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде ұсынған кітабы.

Ұлы Жеңіс күнін жақындата түскен тірілерге құрмет, өмірден өткендерге тағзым белгісі ретінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай шығарылған кітап.

Кітапты құрастырушылар: Қаржаубай Сұлтанғалиұлы

Қаржау Оразбаев