Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Көрме» залы

Көрме залы — жергілікті кәсіби қолөнер шеберлері мен суретшілердің арнайы көрмелерін ұйымдастыратын орталығы.

Жылыой аудандық музейі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жылма-жыл «Дәстүрлі ұлттық қолөнер – өшпес мұра», «Жылыой киелі мекенім» т.б, тақырыптарда  жергілікті суретшілердің, қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастырып отырады. 

Мақсат — атадан балаға мирас  болған ұлттық өнеріміз  бен мәдениетіміздің бастау көзінде тұрған дәстүрлі ұлттық қолөнерді дәріптеу, жаңғырту, өлкеміздің мәдени мұраларын, көркем табиғатын, шаруашылығын насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, халық арасындағы ұлттық қолөнерді жалғастырушы шеберлерді  табу, олардың шығармашылығын дамыту.

«Дәстүрлі ұлттық қолөнер – өшпес мұра» көрмесі

Көрмеден көрініс

Әділ қазылар