Ол бір асқан әнші ғой, Оның әнін кім салған. Сүюші еді ол әнді Асау теңіз бұрқанған. (Далабай Жазықбаев)
Қадірбек Есенғалиұлы мәдениетке жұмысы тарихи ерекше мезгілде, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне бағышталған жылы келген екен. Кезінде өз өнерімен елге танылып, аудан мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, көрермені қуана қол соққан өнерлі азамат — Қадірбек Есенғалиұлына 80 жас. Музей төріндегі «Өнер саңлақтары — өлке мақтанышы» бөлімінен өз орнын алып тұр. Өткенді еске алу, ол тарихты түгендеу, аудан тарихы беттеріне хаттау — музей қызметкерлерінің жұмысы. «Санатқа кірсең сарай салтанатына шақырыласың» деген аталы сөзді өнеріне өріс қылған Қ.Есенғалиұлы аудан сахнасында 1973 жылдарда көрінген. Ол өмірінің басым бөлігін Жылыой жерінде өткізіпті. Жылыой жерін, Жылыой елін 40 жылға жуық өнерімен аялаған. Аудандық мәдениет бөлімі қызметінде жаңалық жаршысы да бола білген. Қазақстан композиторларының әдемі де әсем, кең дауысты әндерін орындаған, жүйрік әншілер санатында болған. Оның айқын айғағы әр жылдарда алған дипломдары, алғыс хаттары, құрмет грамоталары және басқада марапаттары. 2021 жылғы 80 жас иегері Қадырбек Есенғалиұлының «Аққуға әнін қосқан аспандағы» кітабы аудан мәдениеті тарихын толтырып тұрған құнды кітаптардың бірегейі. Ұлы Бекболат әке мұрасы шапаны мен Айтқали Жайымов сыйға берген домбырасын аудандық музей қорына тапсырды. Аудандық музейде Қ.Есенғалиұлына арналған уақытша онлайн көрме қойылды.