Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Жылыой аудандық музейі тағы бір жаңа жәдігермен толықты!

Жылыой аудандық музейі тағы бір жаңа жәдігермен толықты! Аудан тұрғыны Аңдабасова Назгүл Жұмашқызы нағашы әжесі, ұлы жүздің Жалайыр руының тумасы Жазила Тағанбайқызынан мұра болып қалған, өз анасы Шіркінбаева Шара Исабекқызы тұтынған келі-келсапты сыйға тартты. Келі-келсап - қазақ дастарханының шырайын келтіретін ақталған тары, қуырылған бидай, түйілген жарма, құрт, ірімшік, жент сияқты тағамдарды дайындау кезінде ұнтақтау үшін

Жылыой аудандық музейі тағы бір жаңа жәдігермен толықты!

Аудан тұрғыны Аңдабасова Назгүл Жұмашқызы нағашы әжесі, ұлы жүздің Жалайыр руының тумасы Жазила Тағанбайқызынан мұра болып қалған, өз анасы Шіркінбаева Шара Исабекқызы тұтынған келі-келсапты сыйға тартты.

Келі-келсап — қазақ дастарханының шырайын келтіретін ақталған тары, қуырылған бидай, түйілген жарма, құрт, ірімшік, жент сияқты тағамдарды дайындау кезінде ұнтақтау үшін пайдаланатын құрал.

Ұлттық мұрамыздың музейде сақталып, кейінгі ұрпаққа насихатталуына жанашырлық танытқан аудан тұрғынына музей ұжымы атынан алғыс білдіреміз!