Аудандық музейімізде қонақта аудан өнерпаздары, мәдениет ардагерлері, үлгілі ата-ана, бақытты ата-әже Қонаев Оғис және жұбайы Әбдіғалиева Қалимамен отбасы мерекесіне байланысты “Отбасым — бақыт мекенім” атты жанұялық сыр-сұхбат кездесуін өткізді.
Халықаралық отбасы күні атаулы датасы 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясымен бекітілген.
Отбасы — бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата-ана, тәрбиелеуші. Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты.
Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Аудандық музейімізде қонақта аудан өнерпаздары, мәдениет ардагерлері, үлгілі ата-ана, бақытты ата-әже Қонаев Оғис және жұбайы Әбдіғалиева Қалимамен отбасы мерекесіне байланысты “Отбасым — бақыт мекенім” атты жанұялық сыр-сұхбат кездесуін өткізді. Музей қорына Әбдіғалиева Қалиманың бірнеше марапаттарымен, фотосуреттері, жеке құжаттары музей қорына қабылданды.
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/181-onaev-o-is-zh-ne-zh-bajy5-bdi-alieva-alimamen-otbasy-merekesine-bajlanysty-otbasym-ba-yt-mekenim-atty-zhan-yaly-syr-s-khbat-kezdesuin-tkizdi.html#sigFreeId91b51e266c