Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Патриот деген ерлік пен өнегенің өлшемі»

Жылыой аудандық музейінде Қазақ әскерінің Тәжік-Ауған шекарасын қорғау міндеттерінің аяқталғанына 21 жыл толуына орай, ұйымдастырылған "Патриот деген ерлік пен өнегенің өлшемі" атты патриоттық кездесу кеші  өтті.   Жуырда Жылыой аудандық музейінде Қазақ әскерінің Тәжік-Ауған шекарасын қорғау міндеттерінің аяқталғанына 21 жыл толуына орай, ұйымдастырылған "Патриот деген ерлік пен өнегенің өлшемі" атты патриоттық кездесу кеші  өтті. Шараға

Жылыой аудандық музейінде Қазақ әскерінің Тәжік-Ауған шекарасын қорғау міндеттерінің аяқталғанына 21 жыл толуына орай, ұйымдастырылған «Патриот деген ерлік пен өнегенің өлшемі» атты патриоттық кездесу кеші  өтті.

 

Жуырда Жылыой аудандық музейінде Қазақ әскерінің Тәжік-Ауған шекарасын қорғау міндеттерінің аяқталғанына 21 жыл толуына орай, ұйымдастырылған «Патриот деген ерлік пен өнегенің өлшемі» атты патриоттық кездесу кеші  өтті. Шараға «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылар» республикалық қоғамдық бірлестігінің  Жылыой аудандық филиалының төрағасы Дүйсенбетов Қайрат Нұртайұлы, осы қоғамдық бірлестіктің орынбасары Тілеуғожин Нұрберді Жолдасұлы және ардагер Жұмажанов Ерболат Сағынғалиұлы, Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі Қаңлыбай Нұрсұлтан, №5 мектеп жанындағы Жиенқұл Жақия Исатайұлы жетекшілік ететін «Алаш»  әскери- патриоттық клуб мүшелері, №21 мектептің 4″а» сыныбы өнерпаздары қатынасты.  Тәжік-Ауған шекарасында әскери қызмет еткен ардагерлердің фотосуреттерінен, әскери бұйымдардан, «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылар» қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы материалдардан «Ардагерлер ерлігі жастарға өнеге» тақырыбында көрме жасақталды. Көрмені музей қызметкері Еркінғалиева Аида қонақтарға таныстырды.

 Шараны музей басшысы М.Е.Қақпанбаев ашып, ардагерлерді мерекемен құттықтады. Әрі қарай Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа байланысты «Тәжік-Ауған шекарасы» тақырыптық бейнефильмі, «Ел жүгін арқалаған асыл ерлер» тақырыбында баяндамалық аппараттық слайд шараға қатысушылардың назарына ұсынылды.

Өз кезегінде сөз тізгінін алған Тәжік-Ауған ардагері, Қайрат Нұртайұлы оқушылар мен шараға қатысушыларға Тәжікстандағы соғыс туралы естелігін айтты. Білетініміздей  1993-2001 жылдары болған Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа сегіз жарым мың Қазақстандық қатысып, өздерінің интернационалдық және жауынгерлік борыштарын адал атқарды. Көптеген Қазақстандықтар ұрыс даласында оққа ұшып, жат жерден топырақ бұйырды. Із-түзсіз кетіп, мүгедек болып оралғандары қаншама. Қ.Дүйсенбетов өз сөзінде «1993 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы кеңесінің Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы қаулысымен саны 500 адамға жететін жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Батальон құрамына десантшылар, шекарашылар мен ішкі әскер бөлімшелері кірді. Қазақстан батальоны Тәжік-Ауған шекарасының шамамен 200 шақырымдық учаскесін күзететін. Тәжікстандағы ахуал өте қиын, ол елде азаматтық соғыс жүріп, шекара арқылы Ауғанстаннан есірткі мен қару-жарақ тасыған содырлар кесіп өтетін. Сегіз жылға созылған бітімгершілік операциясы барысында содырлармен арада орын алған қарулы қақтығыстарда 17 әскери қызметшілеріміз оққа ұшты.  1995 жылдың 7-сәуірінде Қазақстан ішкі әскерінің құрама ортасы Тәжікстанның Пшихавр шатқалында моджахедтер тарапынан шабуылға ұшырады. Ауғанстан содырларының  күші басым болған ұрыста Қазақстандық 33 сарбаз қаза тауып, көпшілігі жарақат алды. Соның бірі Жылыойлық Мырзағалиев Ерлан Үсенұлы еді»,- деп күрсінді.

 №21 мектеп оқушылары «Көк тудың желбірегені» әнін, «Алаш» биін орындаса, №5 мектеп жанындағы «Алаш» әскери-патриоттық клубы мүшелері өздерінің әскери өнерлерін көрсетіп, ардагерлердің көңілін көтерді. Шара соңында қатысушылар мен ардагерлерге музей атынан ескерткіш сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.