Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Бабалар қасиеті» тақырыбымен өткен экскурсия.

«18-сәуір Халықаралық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күніне» орай, музей ұжымы және музей жанындағы «Жас өлкетанушылар» үйірмесі мүшелерімен «Бабалар қасиеті» тақырыбында Жылыой өлкесінің тарихи-мәдени, рухани орындары «Құлшан ата жерасты мешіті», «Ақмешіт», «Аралтөбе қорғанына» экскурсия ұйымдастырылды. Оған 27 адам қатынасты. Экскурсия барысында музей мамандары және музей жанындағы «Жас экскурсоводтар» үйірмесінің мүшесі Кабидуллаева Аружан арнайы дайындалып, әрбір тарихи орынның

«18-сәуір Халықаралық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күніне» орай, музей ұжымы және музей жанындағы «Жас өлкетанушылар» үйірмесі мүшелерімен «Бабалар қасиеті» тақырыбында Жылыой өлкесінің тарихи-мәдени, рухани орындары «Құлшан ата жерасты мешіті», «Ақмешіт», «Аралтөбе қорғанына» экскурсия ұйымдастырылды. Оған 27 адам қатынасты.

Экскурсия барысында музей мамандары және музей жанындағы «Жас экскурсоводтар» үйірмесінің мүшесі Кабидуллаева Аружан арнайы дайындалып, әрбір тарихи орынның тарихын, мәдени-рухани құндылықтарын экскурсия мүшелеріне нақты жеткізе білді және экскурсия мәтінін үш тілде жүргізіп отырды.

Экскурсия алдымен Құлсары қаласынан шығысқа қарай 67 шақырым жерде биік төбенің батыс жағында орналасқан Құлшан ата жерасты мешітінен басталды. Мешіт ХҮІІІ-ХХ ғасырларға жататын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Құлшан ата заманында әулие атанған, ерекше қасиетті адам ретінде танылды. Бор төбенің етегінен мешітін салып мекендеген, сол жерде жерленген. Бүгінде алыс жақыннан келушілер мінәжат ететін, медет тілеп түнейтін қасиетті орын болып табылады.

Экскурсия әрі қарай Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Аралтөбе қорғанына жалғасты. Қорған б.д.д. ІІ-І ғ.ғ. жататын тарих және мәдениет маңызы жоғары орын. 1999 жылы атақты ғалым Зейнолла Самашев бастаған экспедиция тобы осы Аралтөбе қорғандарына жерасты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде ерте темір дәуірінде мекендеген, алтын киімді сармат көсемінің мүрдесі табылған. Ол Қазақстан тарихындағы табылған екінші алтын киімді адам деп танылған еді.

Экскурсия Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан Ақмешіт қорымына келіп тоқтады. Ақмешіт ХVIIІ-ХХ ғасыр басына жататын тарих-мәдени, рухани құндылығы жоғары, Қазақстанның аса маңызды киелі нысандардың тізіміне енгізілген ескерткіш болып табылады. Кешен 1750-1813 жылдары өмір сүрген халық батыры, ағартушы, сәулетші, әулие, пірдің соңы Бекет атанған Бекет Ата Мырзағұлұлының кіндік қаны тамған, алғашқы мешіті «Ақмешітті» салып, ағартушылық қызметін бастап, бала оқытқан, бүгінде ата – анасы, ұрпағы мәңгілік тыныстап жатқан жер. Кеңес заманында Бекет атаның өзі салған бастапқы мешіт қиратылған, кейін 1998 жылы мешіт жаңартылып қайта салынған. Ақмешіт қорымы тарихи және көркемдік қана емес, сонымен бірге үлкен рухани маңызы бар ескерткіштер ансамблі. Экскурсия мүшелерін мешіт қараушысы Мейрамбай имам қарсы алып, әруақтарға дұға бағыштап, кешенді аралатып таныстырды, арнайы дайындалған дастархан басында Бекет атаның таңғажайып қасиеттері туралы жастарға біраз мағлұмат беріп өтті.

Жастарға жергілікті тарихи-рухани құндылықтарды таныстырып, өткен кезеңдеріміздің куәсі болып табылатын дала ескерткіштерін құрметтеуге, қастерлеуге бағытталған экскурсия өз мақсатына жетті деп есептейміз.