Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Көрік

Ертеде зергерлік бұйымдардың басым бөлігі көріктің көмегімен дайындалған. Жасалған бұйымның сәтті шығуы да соған байланысты. Көрік – ұста, зергерлерге қажет былғары немесе теріден жасалатын үрлеуіш сайман. Қазір оны көнекөз қариялар болмаса, көпшілік біле бермейді. Бұл бұйым темірді балқыту кезінде пайдаланылады. Оның көмегінсіз шебердің шаруасы бітпек емес. Қолданылуына орай бірнеше түрі бар. Мәселен, қол, мес, аяқ және қос көрік – ұсталарға нағыз керек дүние. Ертеректе бұл сайман кеңінен қолданыста болған. Қазіргі таңда уақыт ағымына қарай түрлері де өзгерді. Көрікті Жұбатыров Киікбай тұрмыс жағдайында пайдаланған. Музейге тапсырған баласы Киікбаев Алатау (2019 ж).