KZ
Мына алдарыңызда тұрған витринаның тақырыбы айтып тұрғандай Жылыой өңірі шын мәнінде қазына қоймасы. Жалпы аудан экономикасы: өнеркәсіпте мұнай мен газ өндірісіне бағытталған. Жылыой ауданы 1899 жылы Қазақстанда ең алғаш Қарашүңгілден мұнай алып, содан бері «қара алтын» өндіріп отырған, бүгінде Теңіз кенішімен әлемге әйгілі болып отырған өлкемізді мақтанышпен айтамыз. Мына алдарыңызда тұрған витрина табиғи байлықтарымыз туралы жәдігерлер соның дәлелі. Ауданда күкірттің қоры мол. Сондай-ақ жабыстырғыш материалдар – табиғи битум, кир өндірілді. Бұл жерде әр өңірден алынған мұнай құйылған колбалар және де жер қыртысынан алынған тастар қойылған.
Кир (битумды тастар) — Қалыңдалған майдың немесе асфальтты құмды, немесе сазды материалдан тұратын қоспа. Ол мұнай майлы қабаты шығатын орындарында тұнба түрінде кездеседі. Мұнай — кен орындарын іздестірудегі белгілердің бірі болып табылады.
Бор (тастары) — Табиғи ақ тас, жер-қазба байлықтары.
Ангидрит — Айменбет номері 1-П ұңғысынан 3182-3184 метр тереңдіктен табылған ангидрит, сульфаттар класына жататын минерал. Гипстің сусыз түрі. Климаты құрғақ аймақтарда суы тартылып келе жатқан көлдерде, тұз кендерінде химиялық шөгінді түрінде түзіледі.
Әктас — Ортатау — Сарықұлақ номірі 5 ұңғы маңынан 2395-2400 метр тереңдіктен табылған әктас. Шөгінді тау жыныстары негізінен кальциттен тұрады.
Құмтас — Жазықтықтан номері 4 ұңғы маңынан 3401 – 3499 метр тереңдіктен табылған құмтас.
Ангидрит — Неселбай номері 1 ұңғыдан 2678 — 2685 метр тереңдіктен табылған қызғылт түсті ангидрит, сульфаттар класына жататын минерал.
Конгломерат — Жазықтықтан номері 7 ұңғы маңынан 3307 – 3310 метр тереңдіктен табылған конгломерат.
Құмтас — Жазықтықтан ұңғы маңынан табылған құмтас.
Саз — Құрамының басым көпшілігін сазды минералдар құрайтын, дәнекерленіп қатаймаған шөгінді тау жыныстар. Күйдірілген саздар қатты және берік тастақ күйге ауысқан.
Асфальт бетон — Бетон, құйматас – жасанды тас материал, байластырғыш заттар цемент, гипс, алебастр, әктас, су кейде сусыз және толтырғыш материалдар құм, малтатас, қиыршықтас, кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынатын маңызды құрылыс материалы.
Аргиллит — Диагенез және эпигенез кезінде сазды сығымдау, сусыздандыру және цементтеу нәтижесінде пайда болған қатты, тасқа ұқсас саз жынысы.
Кироминералды қоспа — Қалыңдалған майдың немесе асфальтты құмды, немесе сазды материалдан тұратын қоспа. Ол мұнай майлы қабаты шығатын орындарында тұнба түрінде кездеседі. Мұнай — кен орындарын іздестірудегі белгілердің бірі болып табылады.
RU
Как видно из выставки перед вами, район Жылыой действительно является хранилищем природных богатств. Экономика района в основном ориентирована на добычу нефти и газа. В 1899 году в Казахстане впервые из Карашунгиля была добыта нефть, и с тех пор «чёрное золото» добывается здесь, а ныне район известен в мире благодаря месторождению Тенгиз. В этой витрине представлены экспонаты, подтверждающие богатство природных ресурсов:
- район имеет большие запасы серы;
- добывались природный битум и кир;
- представлены колбы с нефтью из разных мест и образцы горных пород.
Описание минералов и материалов:
- Кир (битумные породы) – смесь утяжелённого масла с песком или глиной, осаждается в местах выхода нефтяных пластов;
- Нефть – один из индикаторов поисков месторождений;
- Бор (камни) – природный белый камень, полезное ископаемое;
- Ангидрит – безводная форма гипса, найден в скважине Айменбет №1-П на глубине 3182–3184 м;
- Известняк – осадочная порода, найденная на глубине 2395–2400 м;
- Песчаник, конгломерат, глина – осадочные породы, образцы которых представлены на выставке;
- Асфальтобетон и бетон – искусственные каменные материалы для строительства;
- Аргиллит – сцементированная твёрдая глинистая порода.
EN
Zhylyoi – treasury of natural resources
As this exhibition shows, the Zhylyoi district is truly a treasure of natural resources. The district’s economy is mainly focused on oil and gas production. In 1899, oil was first extracted in Kazakhstan from Karashungil, and “black gold” has been produced here ever since. Today, the region is world-famous for the Tengiz field. This display presents artifacts that illustrate the wealth of natural resources:
- the district has large sulfur deposits;
- natural bitumen and kir were produced;
- flasks of oil from various locations and rock samples are displayed.
Description of minerals and materials:
- Kir (bituminous rocks) – a mixture of thickened oil with sand or clay, found as sediment where oil layers surface;
- Oil – an indicator for locating oil fields;
- Bor (stones) – natural white stone, a mineral resource;
- Anhydrite – an anhydrous form of gypsum, found in Aymenbet well No. 1-P at 3182–3184 m depth;
- Limestone – sedimentary rock, found at 2395–2400 m depth;
- Sandstone, conglomerate, clay – sedimentary rock samples displayed at the exhibition;
- Asphalt concrete and concrete – artificial stone materials used in construction;
