Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

АҚМЕШІТ ҚОРЫМЫ

KZ

ХVIIІ-ХХ ғасыр басына жататын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш. Құлсары қаласынан шығысқа қарай 64 км,  Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км.

Қазақстанның аса маңызды киелі нысандардың тізіміне енгізілген. Ескерткіштің аумағы 4,9 гектар жерді алып жатыр.

Кешен XIX ғасырдың басында діни ағартушы, ислам ғалымы және талантты сәулетші Бекет ата салған Жем өзенінің жанындағы бірнеше құрылыстар мен жерасты мешітінен тұрады.

Ақмешіт қорымы тарихи және көркемдік қана емес, сонымен бірге үлкен рухани маңызы бар ескерткіштер ансамблі. Бұл Қазақстан тұрғындары әулие ретінде қадірлейтін діни қайраткер Бекет атаның отаны. 1750-1813 жылдары өмір сүрген халық батыры, ағартушы, сәулетші, алты алашқа аты мәлім әулие, пірдің соңы Бекет атанған Бекет Ата Мырзағұлұлының кіндік қаны тамған, алғашқы мешіті «Ақмешітті» салып, ағартушылық қызметін бастап, бала оқытқан, бүгінде ата – анасы, ұрпағы мәңгілік тыныстап жатқан жер.

1771-1774 жылдары Бекет жер асты мешітін тұрғызып, ағартушылық, рухани және емдік қызметпен кеңінен айналысты, балаларға тәлім берді. XIX ғасырдың ортасындағы деректерге сәйкес, Ақмешіт – бұл үңгір типіндегі кішкентай кешен, қатты бор жынысын ойып қашап жасалған және төбесі бар үш іргелес дөңгелек бөлмелерден тұрады. Мешітке кіреберіс тар ұзын өткел түрінде жасалған, күмбездегі бірінші бөлмеде кішкене ойықболған. Қабырғаларда қуыстар, соның ішінде ойылған михраб бар. Мешіттің жанында шағын қорым пайда болды.

Мешіттен басқа ансамбль 32 құлпытас, 2 қойтас, 2 күмбезді кесене мен бір сағанатамадан тұрады (жерлеу басында төбесі ашық және төбесі сәл көтерілген қоршау түріндегі қабір үсті құрылысы). Сәулет-сәндік және тарихи-этнографиялық маңызы бар 13 құлпытастар сақталған. Кеңес заманында Бекет атаның өзі салған бастапқы мешіт қиратылды.

Қазір 1995 жылы салынған мешіт және әулиенің ата-анасы мен кіші ұлының қабірінің үстіндегі кесене бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде заманауи кешен пайда болды. Қазір қонақ үй, табынушылар үйі және музей бар. Мешітті Бекет ата ұрпақтары қарайды. «Ақмешіт» қоғамдық қоры құрылған, қаржылай, материалдық колдаулар сол қор арқылы іске асырылып отырады.

Ақмешіттің құбыла бетінде Қырғын төбе деген жер бар. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, қалмақ пен қазақ соғысында еліне қайтқан қалмақтар жолай бейбіт халықты өшіккендей өлтіріп, содан адамдар қырылған дейді. Қырғын төбе аталуы да содан болса керек.

***

RU

Комплекс Акмешит — памятник местного значения XVIII–начала XX века, расположенный в 64 км к востоку от города Құлсары и в 28 км к северо-востоку от села Ақкиізтоғай. Включен в список особо значимых святых объектов Казахстана. Площадь памятника составляет 4,9 гектара.

Комплекс был построен в начале XIX века религиозным просветителем, исламским ученым и талантливым архитектором Бекет Ата. Он включал несколько построек у реки Жем и подземную мечеть.

Акмешитский комплекс имеет не только историческое и художественное, но и большое духовное значение. Здесь родился и работал Бекет Ата Мырзагулулы (1750–1813), народный герой, просветитель и архитектор, почитаемый как святой в Казахстане. Он построил первую мечеть «Акмешит», занимался просветительской деятельностью и обучал детей.

В 1771–1774 годах Бекет Ата построил подземную мечеть и активно занимался духовной, просветительской и лечебной деятельностью. Согласно источникам середины XIX века, Акмешит — это небольшой пещерный комплекс из трёх соседних круглых помещений с крышей, вырезанных в твёрдом борном известняке. Вход в мечеть выполнен в виде узкого длинного прохода. В первой комнате купола есть небольшой углублённый михраб, а в стенах — ниши. Рядом с мечетью образовался небольшой мавзолейный комплекс.

Помимо мечети, ансамбль включает 32 надгробия, 2 колонки, 2 купольных мавзолея и один сағанатам (надгробие с открытой крышей, слегка приподнятое). Сохранились 13 надгробий архитектурной, художественной и историко-этнографической ценности. В советское время первоначальная мечеть Бекет Аты была разрушена.

Сегодня комплекс включает мечеть, построенную в 1995 году, мавзолей родителей святого и его младшего сына. После обретения независимости проведены реставрационные работы, в результате чего появился современный комплекс с гостиницей для паломников, молитвенным домом и музеем. За поддержанием комплекса следят потомки Бекет Аты через общественный фонд «Акмешит», обеспечивающий финансовую и материальную поддержку.

На кибле комплекса находится холм под названием Қырғын төбе («Холм Резни»). По преданиям, во время войны между калмаками и казахами калмаки, возвращаясь домой, убивали мирных жителей на пути, и поэтому холм получил своё название.

***

EN

The Akmeyshit Complex is a local historical and cultural monument from the 18th–early 20th century, located 64 km east of the city of Kulsary and 28 km northeast of Akkiztogay village. It is included in the list of Kazakhstan’s most important sacred sites. The area of the monument is 4.9 hectares.

The complex was built in the early 19th century by the religious educator, Islamic scholar, and talented architect Beket Ata. It originally included several buildings along the Zhem River and an underground mosque.

The Akmeyshit Complex holds not only historical and artistic value but also great spiritual significance. It is the birthplace and center of activity of Beket Ata Myrzagululy (1750–1813), a national hero, educator, and architect revered as a saint in Kazakhstan. He built the first mosque “Akmeyshit,” taught children, and engaged in educational work.

Between 1771–1774, Beket Ata constructed the underground mosque and was actively involved in spiritual, educational, and healing activities. According to mid-19th century records, Akmeyshit was a small cave-type complex consisting of three adjacent round rooms with roofs, carved from hard bor limestone. The entrance to the mosque is a narrow, elongated passage. The first room of the dome features a small recessed mihrab, and the walls contain niches. A small mausoleum complex developed nearby.

Besides the mosque, the ensemble includes 32 tombstones, 2 standing columns, 2 domed mausoleums, and one saganatam (a grave with an open and slightly raised roof). Thirteen tombstones of architectural, artistic, and historical-ethnographic value are preserved. The original mosque built by Beket Ata was destroyed during the Soviet period.

Today, the complex features a mosque built in 1995, as well as the mausoleum of the saint’s parents and younger son. After Kazakhstan’s independence, restoration works were carried out, resulting in a modern complex with a guesthouse for pilgrims, a prayer hall, and a museum. The complex is maintained by Beket Ata’s descendants through the “Akmeyshit” public fund, which provides financial and material support.

On the qibla side of the complex is a hill called Қырғын төбе (“Massacre Hill”). According to local stories, during the war between the Kalmyks and Kazakhs, Kalmyks returning home killed peaceful people along the way, giving the hill its name.