Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Ұлттық мұра- өркениет қазығы

KZ

Өрмек құралы — жіп иіру және тоқу үшін қолданылатын дәстүрлі қазақ қолөнерінің бір түрі. Бұл құрал жүн, мақта сияқты талшықтарды иіріп, берік әрі біркелкі жіп жасауға мүмкіндік береді.

Өрмектің түрлері мен ерекшеліктері: Қол өрмек — шағын, қолмен айналдыратын түрі Аяқ өрмек — аяқпен айналдыратын, көбірек көлемді жіп иіруге арналған Өрмек тоқу мен иірудің бастапқы кезеңін қамтамасыз етеді .

Мәдени және тұрмыстық маңызы: Өрмек қазақтың көшпелі тұрмысындағы негізгі тұрмыстық құралдардың бірі болып, ауыл әйелдерінің еңбек шеберлігін, шыдамдылығын көрсетеді. Ол ұлттық қолөнердің дамуына зор үлес қосқан.

 

Қылыш, адарғы.

Адарғы-өрмек жіптерінің астын-үстін көтере бөліп тұратын кергіш ағаш. Адарғы кепкен қатты ағаштан не тақтайдан жасалады. Тақтайдың ортасы қалың, екі шеті жонылған болып келеді. Тымғариева Мажен алаша тоқу кезінде пайдаланған адарғысы мен қылышы.

 

Қол тігін машинасы – адамдарға киім-кешек, тұрмыстық текстиль бұйымдарын тігуге көмектескен ең алғашқы механикалық құралдардың бірі. Оның тарихы 18–19 ғасырларға дейін созылады және ол өнеркәсіптік өндірістің дамуына дейінгі кезеңнің маңызды жаңалығы болды.

 

Мосы –металдан жасалған, ашылмалы-жиналмалыуш-аяқты, ас пісіруге арналған ошақ, қазан, шәугім асу үшін немесе өрмек тоқитын станокта пайдаланылатын құрал.Мосы үш бөлшектен (сирақ, тілі және шығыршық), оның сирағы 3 темірден тұрады. Жоғарғы ұштарына тесік жасалып, олар темір шығыршық арқылы қосылады. Шығыршыққа шай қайнату үшін шәугімнің тұтқасы ілініп, астына от жағылады.

Мерзімделуі: ХХ ғас.

 

Қолдан жасалынған ағаш сандық.

Сандық – киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым. Тұрмыста қолданылуына қарай көлемі кішкентай. Сандықтың сырты әр түрлі бояумен сырланып, ою – өрнектермен айшықталған. Сандық кілттенетін не сыртынан құлып салынатын етіп жасалынған. Жерге қойғанда түбі дым тартпау үшін, оның астыңғы төрт бұрышымен үйлестіре тақтайдан аяқ орнатылған. Сандықтың екі бүйіріне тұтқа орнатылған. Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғыны пайдаланып, тапсырған тұрмыстық бұйымы.

 

Сандық. Сандықтың макеті.

Әшекей-бұйымдарды және ұсақ заттарды салуға арналған сандықтың макеті ретінде жасалған. Сандықтың айналасы, яғни жиектері  қаңылтырмен қапталып, шегеленген, ағашы көк түсті бояумен сырланып, сары, қызыл  түсті оюлармен өрнектелген. Астыңғы төрт бұрышына тақтайдан аяқ орнатылған. Сандықтың екі бүйірінде тұтқа орналасқан. Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғыны пайдаланып, тапсырған тұрмыстық бұйымы.

Мерзімделуі: 1984 ж.

 

Домбыра – қазақтың дәстүрлі музыкалық аспабы, ұлттық мәдениет пен руханияттың маңызды символы. Қос ішекті домбыра,артқы шанағы қалайыдан соғылып өрнектелен.

 

Иірілген жіптер – жүн, мақта, зығыр немесе басқа талшықтарды иіріп, біртекті, берік жіпке айналдыру арқылы алынған материал. Қазақ тұрмысында олар киіз, кілем, шұлық, кеудешелер, түрлі тұрмыстық бұйымдар жасау үшін қолданылған.

Станок ұршығы

Жіп иіретін ұршық. Төрт аяқты, аяқтарына тақтай орнатылған, тақтайға екі ағаш қағылып ортасына дөңгелек ағаш қағылған айналасы ойық жіпті айналдыру үшін жасалынған.Қоңыр-ақшыл жасыл түсті бояумен боялған.

 

 

RU

Инструмент өрмек — традиционный казахский ремесленный инструмент, используемый для прядения и ткачества нитей. Этот инструмент позволяет прясть прочную и ровную нить из волокон, таких как шерсть и хлопок.

Виды и особенности өрмек:

  • Ручной өрмек — небольшой инструмент, который вращается вручную
  • Ножной өрмек — вращается ногой, предназначен для прядения более объемной нити
  • Өрмек обеспечивает начальный этап прядения и ткачества

Культурное и бытовое значение:

Өрмек является одним из основных бытовых инструментов кочевого образа жизни казахов, демонстрируя мастерство и терпение сельских женщин. Он внес значительный вклад в развитие национального ремесла.

 

Меч, адаргы

Адаргы — это натяжная деревянная рейка, которая при прядении и ткачестве поднимает и разделяет нити пряжи сверху и снизу. Адаргы изготавливается из сухого твёрдого дерева или доски. Центр доски обычно толстый, а края — обточенные. Тымгариева Мажен использовала свой адаргы и меч во время ткачества алаши.

 

Швейная машина ручного типа — один из первых механических инструментов, который помогал людям шить одежду и бытовые текстильные изделия. Ее история охватывает XVIII–XIX века и она стала важным новшеством до развития промышленного производства.

 

Мосы — металлическое устройство с раздвижными ножками, используемое для приготовления пищи на очаге, для казана или чайника, а также при работе на станке для прядения. Мосы состоит из трёх частей: сирак, язык и шкив; сирак сделан из трёх металлических прутков. В верхних концах сделаны отверстия, через которые детали соединяются металлическим шкивом. На шкив можно подвесить ручку чайника для кипячения воды, а под него разжечь огонь.

Дата изготовления: XX век

 

Ручной работы деревянный сундук.

Сундук — это деревянное изделие для хранения одежды и других вещей. В быту он использовался небольшого размера. Снаружи сундук покрыт краской и украшен орнаментами. Сундук может быть заперт ключом или замком. Чтобы дно не гнило при постановке на землю, снизу к четырём углам прикреплены деревянные ножки. По бокам сундука установлены ручки. Этот бытовой предмет использовался и был передан жителем Жылыой Атырауской области.

 

Сундук. Макет сундука

Макет сундука, предназначенного для хранения украшений и мелких предметов. Края сундука обшиты и прибиты железными полосами, дерево окрашено в синий цвет и украшено орнаментами желтого и красного цветов. К нижним четырём углам прикреплены деревянные ножки. По бокам сундука установлены ручки. Этот бытовой предмет использовался и был передан жителем Жылыоя Атырауской области.
Дата изготовления: 1984 г.

 

Домбыра – традиционный музыкальный инструмент казахов, важный символ национальной культуры и духовности. Двухструнная домбыра, задняя дека украшена узорами, вытесненными на олове.

 

Пряжа — это материал, получаемый путём скручивания шерсти, хлопка, льна или других волокон в однородную и прочную нить. В казахском быту она использовалась для изготовления войлока, ковров, носков, жилетов и различных предметов домашнего обихода.

 

Прялка
Прялка для прядения нитей. Четырёхногая, с доской, к которой прибиты две деревянные части, по центру установлен круглый деревянный элемент для наматывания нитей. Окрашена в коричнево-светло-зелёный цвет.

 

 

EN

Örmek tool — a traditional Kazakh craft instrument used for spinning and weaving yarn. This tool enables spinning strong and uniform yarn from fibers such as wool and cotton.

Types and features of örmek:

  • Hand örmek — a small tool rotated by hand
  • Foot örmek — rotated by foot, designed for spinning larger volumes of yarn
  • Örmek provides the initial stage of spinning and weaving

Cultural and everyday significance:

Örmek is one of the essential household tools in the nomadic lifestyle of Kazakhs, showcasing the skill and patience of rural women. It has made a significant contribution to the development of national craftsmanship.

 

Sword, adargy
Adargy is a tensioning wooden tool that lifts and separates the threads of yarn from top to bottom during spinning and weaving. Adargy is made from dried hard wood or a plank. The center of the plank is thick, and the edges are smoothed. Tymgariyeva Mazhen used her adargy and sword while weaving alasha.

 

Hand sewing machine — one of the first mechanical tools that helped people sew clothes and household textile items. Its history dates back to the 18th–19th centuries and it was an important innovation before the development of industrial production.

 

Mosy — a metal device with collapsible legs, used for cooking on a hearth, for a cauldron or teapot, or on a spinning frame. Mosy consists of three parts: sirak, tongue, and pulley; the sirak is made of three metal rods. Holes are made at the top ends, and the parts are connected with a metal pulley. The pulley can hold a teapot handle for boiling water, with a fire placed underneath.
Date: 20th century

 

Handmade wooden chest.

A chest is a wooden item used for storing clothes and other belongings. In everyday life, it is usually small in size. The exterior is painted in various colors and decorated with patterns. The chest can be locked with a key or a padlock. To prevent the bottom from dampening when placed on the ground, wooden legs are attached to its four corners. Handles are installed on both sides of the chest. This household item was used and submitted by a resident of Zhylyoi, Atyrau Region.

 

Chest. Chest model

A model of a chest designed for storing jewelry and small items. The edges of the chest are covered with metal strips and nailed, the wood is painted blue and decorated with yellow and red patterns. Wooden legs are attached to the four bottom corners. Handles are installed on both sides of the chest. This household item was used and submitted by a resident of Zhylyoi, Atyrau Region.
Date: 1984

 

Dombra – a traditional Kazakh musical instrument, an important symbol of national culture and spirituality. The two-stringed dombra has a back plate decorated with patterns embossed in tin.

 

Spun yarn — a material made by twisting wool, cotton, flax, or other fibers into a uniform, strong thread. In Kazakh everyday life, it was used to make felt, carpets, socks, vests, and various household items.

 

Spinning wheel

A spinning wheel for twisting yarn. Four-legged, with a plank to which two wooden pieces are attached, and a round wooden part in the center for spinning the thread. Painted in brown and light green.