Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Арманмен жалғасқан, ұлағатты өмір»

KZ

«Арманмен жалғасқан, ұлағатты өмір» тақырыбындағы экспозицияда Жылыойдан шыққан ғалымдар, Қазақстан Республикасы Жазушылар, Журналистер одақтары мүшелерінің марапаттары, төл туындылары, құжаттары жинақталған.

Қабиболла Сыдиықов 1934 жылы Қарақұм елді мекенінде дүниеге келген. Әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты, Атырау педагогикалық институтында оқытушы, доцент қызметін атқарды. Құлсары қаласының бір шағын ауданы Сыдиықұлы атына берілген. Аудан орталығында Сыдиықұлының кеуде мүсіні орнатылған.  Жылыой ауданнының  құрметті азаматы (1994).  Ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, ауыз әдебиеті нұсқаларын, шежірелер мен тарихи деректерді жинауға зер салды.

Алдарыңызда тұрған қол сағаты, жары Гүлшатқа сыйлаған қол сағаты, СССР Журналистер Одағы мүшелігі төсбелгісі, қаламсабы, шаппасы, жазу машинкасы, үстіне киген шапаны, магнитафоны қойылған. «Бес ғасыр сөйлейді», «Асыл сөздің жоқшысы», «Қабекеңнің қазынасы» сияқты кітаптары қойылған.

Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, Жылыой ауданының «Құрметті азаматы», қарымды қаламгер Бақытжан Бозданұлының(1939-2010 жж.) тұрмыста қолданған заттары, алған марапаттары, медаль, төсбелгілері, жазған кітаптары қойылған.

Ақын-журналист, «Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі», «Қазақстан Журналистер Одағы» сыйлығының лауреаты Қаржау Оразбаевтың (1953-2020 жж.) алған марапаттары, жазған кітаптары қойылған.

Меңдекеш Сатыбалдиев 1937 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген ақын, журналист.  «Ақмоншақ» (1966), «Шулайды толқын» (1968), «Күншуағы» (1970) аталатын өлеңдер жинағы, «Жартастағы жазулар» (1970) дейтін очерктер жинағы, «Қоңыр қозы» повесі (1971), сондай-ақ аудармасы (А.И.Покрышкин, «Аспандағы шайқас» (1973), «Мөлдір аспан» атты очерктері мен публицистикалық мақалалары (1978), «Қызғыш құс» атты таңдамалы өлеңдер жинағы (19775,1979,1988,2003) т.б. кітаптары жарық көрді. Ауданда М.Сатыбалдиевтің атына қойылған №18 мектеп бар.

Қарамұрзиев Текей, Отарбаев Шәрел, Алтыбаев Алшын, Оразова Гүлжан, Үржанов Абат сияқты Жылыойдан шыққан ғалымдар мен ақын-жазушылардың қолжазбалары мен кітаптары қойылған.

Қуатбаев Қуанғали техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР –ның инженерлік академиясының академигі, республикаға еңбегі сіңген құрылысшы, 500 ғылыми еңбек, 100 авторлық, 10 монография, өзі қорғатқан 20 ғылым кандидаты мен 3 ғылым докторы тынымсыз еңбегінің арқасы.

1989 жылы ескі «Ембі» газеті редакциясының үйінен әкелінген жазу машинкасы.

 

RU

В экспозиции «Жизнь, наполненная мечтой и наследием» собраны награды, авторские произведения и документы учёных, выходцев из Жылыоя, а также членов Союзов писателей и журналистов Республики Казахстан.

Кабиболла Сыдиыков родился в 1934 году в посёлке Каракум. Литературовед, кандидат филологических наук, работал преподавателем и доцентом в Атырауском педагогическом институте. Один из микрорайонов города Кульсары назван в его честь, а в районном центре установлен его бюст. Почётный гражданин Жылыойского района (1994). Он занимался сбором и изучением наследия акынов и жырау, народных песен, образцов устного народного творчества, шежире и исторических материалов.

В экспозиции представлены его личные вещи: наручные часы, часы, подаренные супруге Гульшат, членский значок Союза журналистов СССР, ручка, чапан, пишущая машинка, магнитофон, а также книги «Говорят пять веков», «Хранитель слова», «Сокровищница Кабеке».

Также представлены личные вещи, награды, медали, значки и книги известного журналиста, лауреата премии Союза журналистов Казахстана, почётного гражданина Жылыойского района Бахытжана Бозданулы (1939–2010).

В экспозиции представлены награды и книги поэта и журналиста, члена Союза журналистов Казахстана, лауреата премии Союза журналистов Казахстана Каражау Оразбаева (1953–2020).

Мендекеш Сатыбалдиев родился в 1937 году в селе Амангельды Жылыойского района Атырауской области. Поэт и журналист. Его сборники стихов: «Ақмоншақ» (1966), «Шулайды толқын» (1968), «Күншуағы» (1970); очерки — «Жартастағы жазулар» (1970); повесть «Қоңыр қозы» (1971); перевод А.И. Покрышкина «Аспандағы шайқас» (1973); очерки и публицистические статьи «Мөлдір аспан» (1978); сборники избранных стихов «Қызғыш құс» (1975, 1979, 1988, 2003) и другие книги. В районе действует школа №18 имени М. Сатыбалдиева.

Также представлены рукописи и книги учёных и писателей из Жылыоя: Карамурзиева Текея, Отарбаева Шареля, Алтыбаева Алшына, Оразовой Гулжан, Уржанова Абата.

Куантбаев Куангали — доктор технических наук, профессор, академик Инженерной академии РК, заслуженный строитель республики. Автор более 500 научных работ, 100 авторских свидетельств, 10 монографий, научный руководитель 20 кандидатов и 3 докторов наук.

В экспозиции также показана печатная машинка, привезённая в 1989 году из дома редакции старой газеты «Ембі».

 

EN

The exhibition “A Life Continued Through Dreams and Legacy” presents awards, original works, and documents of scholars from Zhylyoi, as well as members of the Writers’ and Journalists’ Unions of the Republic of Kazakhstan.

Kabibolla Sydiykov was born in 1934 in the Karakum settlement. He was a literary scholar, Candidate of Philological Sciences, and served as a lecturer and associate professor at Atyrau Pedagogical Institute. A neighborhood in the city of Kulsary is named after him, and a bust has been erected in the district center. He was awarded the title of Honorary Citizen of Zhylyoi District in 1994. He devoted his work to collecting and studying the heritage of akyns and zhyrau, folk songs, oral literature, genealogies, and historical records.

The exhibition displays his personal belongings, including wristwatches, a watch gifted to his wife Gulshat, a USSR Union of Journalists membership badge, a pen, a chapan, a typewriter, a tape recorder, and books such as “Five Centuries Speak,” “Guardian of the Noble Word,” and “Kabeken’s Treasury.”

Also featured are the personal belongings, awards, medals, badges, and books of Bakhytzhan Bozdanuly (1939–2010), a prominent writer, laureate of the Kazakhstan Union of Journalists Prize, and Honorary Citizen of Zhylyoi District.

The exhibition displays the awards and books of poet and journalist Karzhau Orazbayev (1953–2020), a member of the Union of Journalists of Kazakhstan and laureate of its award.

Mendekesh Satybaldiev was born in 1937 in the village of Amangeldi, Zhylyoi District, Atyrau Region. He was a poet and journalist. His works include poetry collections “Aqmonshaq” (1966), “Shulady Tolqyn” (1968), “Künshuağı” (1970); a collection of essays “Zhartastagy Jazular” (1970); the novella “Qoñyr Kozy” (1971); a translation of A.I. Pokryshkin’s “Battle in the Sky” (1973); essays and journalistic articles “Möldir Aspan” (1978); and selected poetry collections “Qyzygh Qus” (1975, 1979, 1988, 2003), among others. School No. 18 in the district is named after M. Satybaldiev.

Also on display are manuscripts and books by scientists and writers from Zhylyoi: Tekey Karamurziev, Sharel Otarbaev, Alshyn Altybaev, Gulzhan Orazova, Abat Urzhanov.

Kuantbayev Kuangali is a Doctor of Technical Sciences, professor, academician of the Engineering Academy of Kazakhstan, and a distinguished builder of the republic. He authored over 500 scientific works, 100 patents, 10 monographs, and supervised 20 PhD and 3 Doctorate students.

The exhibition also features a typewriter brought in 1989 from the editorial office of the old “Embi” newspaper.