Жануарлар дүниесі — Жануарлар дүниесі өсімдік жамылғысымен байланысты. Бұл аймақта сүтқоректілердің 50 түрі, құстардың 200 түрі, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі кездеседі. Аудан аймағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, шағыл мысығы мен сабаншы, тұяқтылардан киік, жабайы шошқа, кемірушілерден борсық, саршұнақ, кәдімгі атжалман, дала шақылдағы, ор қоян, қосаяқ, құмтышқан, құлақты кірпі, соқыртышқан түрлері бар. Құстардан аққу, қоңырқаз, үйрек түрлері, аққұтан, тырна, тарғақ, қызғыш, қарақұс, жапалақ, байғыз, көккептер, қырғи, қараторғай, бозторғай, қарлығаш, шымшық, көкек, безгелдек, сауысқан, қарғаның түрлері мекендейді. Өзен – көлдерде сазан, шортан, жайын, көксерке, қызылқанат, ақбалық, табан, алабұға, тұқыбалық, шұқыр, т.б. балықтар кездеседі. Аудан көлемінде мұнай-газ кендерінің қарқынды игерілуінің нәтижесінде хайуанаттар дүниесінің таралу кеңістігі жылдан-жылға тарылуда, түрі, саны азаюда, киік, қарақұйрық, қабан сияқты ірі түрлері мүлдем жойылуға жақын.
Өсімдіктер дүниесіне келсек— аудан көлемі негізінен шөл-шөлейіт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Негізгі аймақта өсетін шөптер жусан және жусан тұқымдастар, сорлы ащы жерлерде — бұйырғын, ебелек, көкпек, жантақ, итсегек, адыраспан өссе, құмды жерлерде- ерке, шағыр, қияқ т.б. шөптер шығады. Көлдікте, су шайған жерлерде, қоға, қамыс бидайық т.б. шабындық шөптер өседі. Каспий теңізіне жақын жерлерде мырзасораң, балық көз, дәнді қара қаңбақ, түйеқарын сияқты ащы шөптер өседі.
Жылыой өлкесі табиғатқа, жануарлар әлеміне бай өлке — Өңірінің өсімдігі, жануарлары жер бедеріне, климатына, топырағына байланысты, табиғат заңдылығына сәйкес өзгерістерге ұшырап, қатал климатқа дағдыланған.
«Жануарлар әлемі» залында Жылыой өлкесін мекендейтін жануарлардың, аң-құстардың тұлыптары, табиғатпен үндесіп жасақталған