Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Нумизматика

Нумизматика (латынның numisma – «монета» деген сөзінен шыққан) – монеталар жайлы ғылым, оның зерттейтін аймағына монета жасау техникасы, медаль жасау өнері, жетон жасау да енеді.

Нумизматика ғылым ретінде тарих, археология, саяси экономия, өнертану, тіл білімі, т.б. да ғылымдардың мәселелерін шешуде үлкен роль атқарады. Ол тарих ғылымының бір саласы. Кез келген ақшаны алып, қарасақ, оңдағы жазу таңбалар өткен күннің елесі іспетті. Сол бір тарихи кезеңнің көзіндей құнды жәдігерлер бүгінде Жылыой аудандық музейінде нумизматикалық коллекциясында көздің қарашығындай сақталған.

           

 

ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы Патшалы Ресей империясының тұсында қолданыста болған тиындар.

 


1 полушка 1736 ж. Ресей.

 


1832 ж Ресей

 


3 копейка 1874 ж. Ресей.

 


20 копейка 1867 ж. Ресей

 

2 копейка 1897 ж. Ресей.

 

 

 

Кеңестік кезеңіндегі тиындар

 

5 копеек 1931 ж

 

10 копеек 1936 ж

 


20 копеек 1946 ж

 

 

Қағаз ақша – атаулы құны бар ақша белгілері, яғни, айналыста толымды ақшаны алмастыратын құн белгілері. Оны мемлекет өзінің шығыстарын жабу үшін шығарады. Музей қорында кеңес дәуіріндегі және қазіргі кезеңдегі теңгелердің (үлгілері) қағаз ақшалар коллекциясы жинақталған.

 

 

 

1898 жылғы «1  рубль» қағаз ақшасы

 

1905 жылғы «3  рубля» қағаз ақшасы

 


1910 жылғы «100 рублей» қағаз ақшасы