«Ең әдемі киім – өз ұлтыңның киімі», — деген екен ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де ешхалықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелеріненорыналған. Осындай жәдігерлер аудандық музейдің этнография залында да орналасқан.

Қой терісінен тігілген ер адам ішігі. Киілген, ескілігі бар.Музей қызметкерлерінің экспедиция кезінде Бейнеуден алынған жәдігері. ХІХ ғасыр.

Сән салтанатқа киетін әйел адам ішігі. Қызыл мақпалмен, қой терісінен тігілген.
Мерзімделуі:ХІХ ғасыр

Тымақ— ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Тымақ биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиім. Суықтан, бораннан қорғайтындай мол пішіледі. Сыртын берік және жақсы, қымбат маталармен тыстайды. Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, тағы басқа матаментысталады. Тымақтыңқұлағы мен етегінің төбемен жалғасқан жерін милық деп атайды. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді. Музей қорына 2019 жыл тіркелген.

Кебіс.
Мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғыны қолданған кебіс.Көксауыр, шоңқайма, шекшегі бар кебістерді қыз-келіншектер киетін болған.
Кебіс арнаулы қалыптан шыққан былғарыдан, көннен ине-жіпті пайдалана отырып қонышсыз тігілген аяқкиім. Кебістің басы домалақтау етіп, жұмсақ былғарыдан, табаны мен күлшіні, шажамайлығы қатты ұлтаннан пішіліп тігілген. Биік өкше етіп, өкше салып тігілген. Кебістің ернеуі астарланған, шеті сыздықталып, жіңішке тарамыспен екі қатар қайылған. Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғыны Қоғашова Ізден пайдаланған бұйымы. Музей қорына 1977 жылы тіркелген
Мерзімделуі:XХ ғ.

Қой терісінен жасалған бас киім.
Ерлерге арналған төбесі жасыл ши барқыты, жиегі қой жүнімен көмкерілген. Дөңгелек төбелі, төбесі жатаған келеді.
Бөрік төрт қиықтан құралғанына байланысты төрт сай деп аталады. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш. Оның сыртын бағалы ши барқыт матамен тыстаған. Бөріктің ішкі бөлігіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып сырылған. Жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да тігілген. Бөріктің жиегі қара қой жүнімен қапталған. Айналасы қой жүнімен қапталынған. Атырау облысы Жылыой аудынының тұрғыны Жұбатырдың бас киімі.
Мерзімделуі: ХХ ғ.