Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Зергерлік бұйымдар

Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендіріп алынатын бұйымдар.

Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерінің қоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған, деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композиция құрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.

Тұмарша (бойтұмар).  Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б.) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.

Жүзік (сақина).  Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.

Шолпы (шаш теңге). Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік — сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.

Сырға. Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.

Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш,сүйір, доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.

Тоға – былғары немесе басқа да материалдардан жасалған белдікті ұстап тұратын бекіткіш құрал.

Ювелирные изделия казахов – это национальные украшения, изготовленные из драгоценных металлов и зачастую инкрустированные драгоценными камнями.

Казахские изделия прикладного искусства характеризуются художественной лаконичностью и обобщением декоративных решений, что отражает особое восприятие окружающего мира мастерами. В представлении казахов мир структурирован с помощью числовых и пространственных измерений, где уровни и четыре стороны света ясно обозначены. Отсюда возникают простые симметричные формы, создающие декоративные композиции.

Тұмарша (оберег) – ритуальный предмет. Мог изготовляться из любого материала (камень, кость и др.) или специальных ценных материалов. На него наносились надписи и рельефные изображения. Носили на шее, в маленьких коробочках, кошельках или шили в кожаные или тканевые мешочки. Размер и форма различаются. Считалось, что он защищает от сглаза, бед и несчастий.

Жүзік (кольцо) – ювелирное изделие для женских пальцев. Ювелиры изготавливали кольца из золота и серебра, декорировали драгоценными камнями и создавали разнообразные узоры. В зависимости от формы и применения кольца назывались домовые, птичьи, черепашьи и др.

Шолпы (шашные монеты) – украшения для кончиков волос. Шолпы и шашные монеты крепятся на серебряных цепочках по девять штук, девять – священное число в казахской культуре. Они плетутся вдоль волос.

Шашбау (волосной пояс) – крепится с помощью серебряных цепочек. Состоит из ряда монет с драгоценными камнями. Конец декорирован кистями и серебряными украшениями, спускается вместе с прядями волос.

Білезік (браслет) – носится на одной или обеих руках. Бывает разборным, литым из цельного металла. Различают литые, округлые, пятиколечные браслеты. Некоторые соединены цепочками, декорированы узорами, камнями, чернением и филигранью, чаще изготавливаются из серебра.

Сырға (серьги) – украшение для женщин. Существует множество видов: ай-серьги, серьги с камнями, куполообразные, подвесные, с кисточками и др.

Қапсырма (застёжка) – состоит из двух частей, соединённых шипами. Могут иметь форму треугольника, остроконечную, дугообразную. Украшаются изображениями животных, птиц, солнца, луны или растительными узорами, инкрустируются камнями.

Тоға (пряжка) – застёжка для удержания пояса, изготавливается из кожи или других материалов.

Kazakh jewelry represents national ornaments made from precious metals and often decorated with gemstones.

Kazakh applied art is characterized by artistic conciseness and generalized decorative solutions, reflecting the masters’ unique perception of the surrounding world. In Kazakh understanding, the world is structured with numerical and spatial dimensions, where levels and the four cardinal directions are clearly represented. From this arise simple symmetrical forms that create decorative compositions.

Tumarsha (amulet) – a ritual object. It could be made from any material (stone, bone, etc.) or special precious materials. Inscriptions and relief images were applied. Worn on the neck, in small boxes or wallets, or sewn into leather or fabric pouches. Sizes and shapes vary. Believed to protect against the evil eye, misfortune, and accidents.

Jüzik (ring) – jewelry for women’s fingers. Jewelers cast rings from gold or silver, decorated with gemstones, engraved, blackened, or filigreed, creating a variety of designs. Depending on style and use, rings were called house rings, bird-beak rings, turtle rings, etc.

Sholpy (hair coins) – worn on the ends of hair. Sholpy and hair coins are attached to silver chains, nine coins per set, nine being a sacred number in Kazakh culture. They are braided along the hair.

Shashbau (hair belt) – attached with silver chains. Made from a series of coins with gemstones. The ends are decorated with tassels and silver ornaments, hanging along with the hair strands.

Bilezik (bracelet) – worn on one or both hands. Can be multi-part or cast from solid metal. Types include solid, rounded, five-ringed bracelets. Some are connected with chains, decorated with patterns, stones, blackening, and filigree, mostly made of silver.

Sırğa (earrings) – beloved adornments for women. Many types exist: crescent earrings, gemstone earrings, dome-shaped, dangling, tassel earrings, and more.

Qapsyrma (fastener) – consists of two parts connected by pins. Can be triangular, pointed, or arch-shaped. Decorated with animals, birds, sun, moon, or plant motifs, often set with stones.

Toğa (buckle) – a fastener to hold a belt, made of leather or other materials.