Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

ХІХ ғасырдағы қазақ жауынгерінің макеті және қалыңдық киімі

KZ

ХІХ ғасырдағы қазақ жауынгерінің макеті

Жауынгер макетінің үстіне темірден тоқыған сауыт, дулыға, тері шалбар, былғары етік, беліне былғары кісе белбеу байланған. Темір сауыт – ұзын темір шығыршықтарды бір-бірінен өткізіп тоқылған тордан қысқа жейде түрінде жасалған. Тор көздерінің диаметрі 15 см, жеңінің ұзындығы 25-39 см, мойнына бастап, етегіне дейінгі ұзындығы – 60 х 80 см, сауыт жасайтын шығыршықтың қалыңдығы 2 мм.

Сауытқа қосымша «Шарайна» қорғаныс киімі кеудесінің алды-артына, екі қол астына қойылған, қолына киетін «Қорғап» болат немесе темір металдан соғылған және ою-өрнекпен безендірілген, жалпы ұзындығы 33 см. Былғарыдан жасалған байлайтын баулары және оны бекітетін белбеулік сымдары бар.

Қару—жарағы – найза, қалқан, қылыш, айбалта және бұздығаннан тұрады.

Найза – басы темір металдан үшкірлеп соғылған және ағаш сапқа кигізілген.

Қылыш —  болат немесе темір қатты материалдан бір жүзді, қайқы етіп жасалған және қылыштың ұзындығы 70-95 см жобасында.

Қынабы жарғақ теріден және күміс қапталған және өрнектермен безендірілген.

Қалқан – дөңгелек келген темірден соғылған қорғаныс құралы. Қалқанның ішкі жағында қолға ұстайтын қайысбау тұтқасы бар және қалқан сыртқы беті түрлі қазақы ою-өрнектермен безендірілген.

 

 «Қалыңдық киімі»

Сәукеле — үкілі сәукеле желегімен. Сәукеле биік төбелі, жоғары жағына қарай жіңішкере беретін дөңгелек төбелі, жоғарғы жағына үкі тағылған. Сәукеле барқыт матадан қапьалған, сәукеленің сыртқы жиегі бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталған. Сәукеленің сырты алтын жалатылған күміс және алтын жалатылған күміс және асыл тастардан жасалған моншақтармен, түрлі-түсті жіппен зерленіп, безендірілген. Екі құлақ тұсына омырауға жететін 55 см құлақша тігіліп асыл тастармен безендірілген. Сәукеленің артқы жағына ұзын ақ желек тағылған.

Бешпент — қалыңдықтың сырт киімі. Асыл барқыт матадан алтын жіппен зер салынып, астарланып, өрнектеліп тігілген. Екі иінінен бастап өңірі мен етегін айналдыра қалың етіп оқа бастырылып, оюмен зерленіп өрнектер кестеленген.

Белдік — зер матамен оюланған, моншақтап тізілген әшекейлері, ақық тастармен бедерленген қалың күміс қапсырмасы бар белдік.

Өңіржиек — мойын омырауына сәндікке тағылатын әшекей. Өңірдиек төртбұрышты пішінде, үш тілікшеден тұрады, аралары қатар түскен бірнеше жіңішке шынжырмен шығыршық арқылы жалғасқан. Әр бөлігі қалыпталып, сіркеленіп, алтын жалатылып түрлі-түсті ою-өрнектер түсірілген. Төменгі бөілігіне сыңғырлауық қоңыраулар, 7 құйма тістер орнатылған.

 

Жылқы тұлыбы — тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы тұлыбы таза өзінің табиғи иленген терісімен қапталып тігілген. Тұлып тұғырға (подиумға) орнатылған.

 

RU

Макет казахского воина XIX века

На макете воина надет доспех из железа, шлем, кожаные штаны, кожаные сапоги и кожаный пояс с кивером на поясе. Железный доспех выполнен в виде короткой куртки из переплетённых длинных железных прутков. Диаметр ячеек – 15 см, длина рукава – 25–39 см, длина от шеи до низа – 60 х 80 см, толщина прутка – 2 мм.

Дополнительно к доспеху прикреплён защитный жилет «Шарайна» на грудь, спину и под обе руки. В руках – «Қорғап», изготовленный из стали или железа и украшенный орнаментами, общая длина – 33 см. Есть кожаные ремни и фиксирующие пояса.

Оружие включает: копьё, щит, меч, топор и булава.

  • Копьё – остроконечное железное наконечник, насаженное на деревянное древко.
  • Меч – однолезвийный, из стали или железа, изогнутый, длиной 70–95 см.
  • Ножны – из кожи, покрытые серебром и украшенные орнаментами.
  • Щит – круглый, железный. На внутренней стороне кожаный ремешок для руки, внешняя поверхность украшена различными казахскими орнаментами.

 

«Свадебный наряд»

  • Сәукеле — высокая свадебная шапка с вуалью. Сәукеле имеет круглую форму, сужающуюся к верху, украшена совой. Сәукеле обтянута бархатом, наружный край окантован мехом белки и соболя. Внешняя часть декорирована позолоченным серебром, драгоценными камнями и бисером, вышита разноцветными нитями. По бокам пришиты «уши» длиной 55 см, украшенные драгоценными камнями. Сзади пришита длинная белая вуаль.
  • Бешпент — верхняя одежда невесты. Изготовлен из дорогого бархата, украшен золотой вышивкой, с подкладкой и декоративной отделкой. С плеч по бокам и вокруг подола прошита плотная окантовка с вышитыми узорами.
  • Белдік (пояс) — украшен декоративной тканью, бусинами, инкрустирован белыми камнями, с крупной серебряной пряжкой.
  • Өңіржиек — декоративное украшение для шеи и груди. Имеет прямоугольную форму, состоит из трёх сегментов, соединённых тонкими цепочками. Каждая часть формована, чернена, позолочена, украшена разноцветными узорами. В нижней части закреплены звонкие колокольчики и семь металлических зубцов.

Жылқы тұлыбы — подкова для лошадей. Изготовлена из натуральной выделанной кожи, покрыта и сшита. Подкова установлена на подиуме.

 

 

EN

Model of a 19th-Century Kazakh Warrior

The warrior model is dressed with iron armor, a helmet, leather trousers, leather boots, and a leather belt with a kiver at the waist. The iron armor is made as a short jacket from interwoven long iron rods. The mesh diameter is 15 cm, sleeve length 25–39 cm, length from neck to hem 60 x 80 cm, rod thickness 2 mm.

Additionally, a protective vest called “Sharaina” is placed on the front, back, and under both arms. In the hands is a “Qorǵap”, made of steel or iron, decorated with patterns, total length 33 cm. Leather straps and fastening belts are included.

Weapons include: spear, shield, sword, axe, and mace.

  • Spear – iron pointed head mounted on a wooden shaft.
  • Sword – single-edged, made of steel or iron, curved, 70–95 cm in length.
  • Scabbard – made of leather, covered with silver, decorated with patterns.
  • Shield – round, made of iron. Inside is a leather strap for holding, outside decorated with various Kazakh ornaments.

 

 «Bride’s Outfit»

Saukele — a tall bridal headdress with a veil. The saukele has a round, tapering shape and is decorated with an owl ornament. It is covered with velvet, the outer edge trimmed with squirrel and sable fur. The exterior is adorned with gilded silver, gemstones, beads, and embroidered with colorful threads. On both sides, “ears” 55 cm long are attached and decorated with gemstones. A long white veil is attached at the back.

Beshpent — the bride’s outer garment. Made of fine velvet, embroidered with gold thread, lined, and decorated with patterns. Thick edging runs from the shoulders down along the sides and hem, embroidered with motifs.

Beldik (belt) — decorated with patterned fabric, beads, inlaid with white stones, with a large silver buckle.

Öngirzhiek — a decorative ornament worn on the neck and chest. Rectangular in shape, consisting of three segments connected with thin chains. Each part is shaped, blackened, gilded, and decorated with colorful patterns. The lower part has small jingling bells and seven cast metal teeth.

 

Zhalqy tulyby (horse horseshoe) — made from natural tanned leather, sewn and crafted, mounted on a pedestal.