Жылыой ауданы — ХVІІІ-ХХ ғасырларға жататын тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Сәулеттік көркемдік деңгейі жоғары қорымдар, мазарлар, жерасты мешіттері, сағанатам, қошқартас, құлпытас, діни-ғұрыптық тұрақтар пішіндік және көркемдік жағынан әртүрлі болып келеді. Оның ішінде Жұбан тамы, Ұшқан ата, Қарашүңгіл, Шерліғұл, Желтау, Қайнар, Шолабай, Ортатау сияқты ірі қорымдық ескерткіштер зерттелген.
Ақмешіт қорымы — ХVIIІ-ХХ ғасыр басына жататын сәулеттік ескерткіш. Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км. 1750-1813 жылдары өмір сүрген халық батыры, ағартушы, сәулетші, алты алашқа аты мәлім әулие, пірдің соңы Бекет атанған Бекет Ата Мырзағұлұлының алғашқы мешіті «Ақмешітті» салып, ағартушылық қызметін бастап, бала оқытқан жері. Шағын қорымда сәулеттік-сәндік және тарихи-этнографиялық маңызы бар 30-дың үстінде құлыптас, қойтас, күмбезді мазарлар бар. Жасаған авторы Республикаға белгілі мүсінші, жерлесіміз Серік Мәтениязов.
Жұбан тамы — Жұбан байға арнап салынған ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің үздік туындысының бірі.Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа 45 км. Мазардың ішкі қабырғалары түрлі-түсті бояулармен өрнектелген. Республикалық дәрежеде қорғауға алынған.
Құлсары ата қорымы — ХІХ ғасырдың соңы — ХХ ғасырдың басына жататын сәулеттік ескерткіш. Құлсары қаласы, 6 ауылда орналасқан. 1820-1900 жылдары өмір сүрген Құлсары Тінекейұлының мазары сақталған. Қорымда көптеген қоршау, құлыптастар сақталған.
Ұшқан ата қорымы — Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Қорымның атауы осы жерде жерленген әулие Ұшқан атаға байланысты. Алайда, басқа да жорамалдар бойынша атау «үш аққан» немесе «үш қан» сөзінен шыққан делініп, 18-ғасырдағы қалмақ-торғауыттар мен қазақтар арасындағы қанды қырғындармен байланыстырылады. Уақыты 14-20 ғасыр аралығын қамтиды. Зират тұщы сулы бұлағы бар Алтын Орда дәуіріндегі қалашықтың жанында пайда болған. Ұшқан ата қорымында екі мыңнан астам қабір бар. Мұндағы шикі кірпіштен тұрғызылған ортағасырлық ескерткіштер нашар сақталғанмен, кейінгі уақытта салынған кесене-мазарлардың күні бүгінге дейін алғашқы қалпы көп өзгермеген. Құлпытастардағы таңба мен эпиграфикаға қарағанда Ұшқан ата қорымында Адай, Кете, Шекті, тағы да өзге рулардың өкілдері жерленген. Бүгіндері Ұшқан ата қорымына жергілікті және көрші облыстардан адамдар келіп зиярат етеді.
Дүйсеке ата мешіті — ХІХ ғасырдың аяғы — ХХ ғасыр басына жататын сәулеттік ескерткіш. Құлсары қаласынан солтүстікке 10 км. Мешітті 1888-1903 жылдары Дүйсенбай қажы Дәндіқұлұлы салдырып, мешіт-медресе ретінде пайдаланған.
Иманқара тауы — Құлсары қаласынан солтүстік-шығыста 60 шақырым жерде орналасқан. Таудың ұзындығы 2 шақырым, ені 300 метр, биіктігі 200 метр. Иманқара үңгірі алғаш табиғи үңгір болуы мүмкін, кейін ол тау жыныстарының жұмсақтығынан кеңейтіліп, қазіргі жобасына өзгертілген. Алғашқы адамдар бұл өңірді Жаңа тас (неолит) дәуірінде біздің эрамызға дейін 5-3 мың жылда мекендегені белгілі. Кейін ерте темір дәуірінде және орта ғасырларда Иманқара тауына адамдар мекендеп обалар мен қорымдар салған. 1944 жылы бұл үңгірге неміс-фашистердің диверсиялық топтары жасырынған деген аңыз-әңгіме бар.
Шолабай діни — тұрмыстық кешені — ХІХ-ХХ ғасырларға жататын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Құлсары қаласынан оңтүстік-шығыс бағытына қарай 132 шақырым жердегі Желтау тауында орын тепкен. Жалпы көлемі шамамен 500х750 метр аумағын қамтып жатыр, 5 бөліктен тұрады. Орталығында мешіт, тұрғын үйлер бар.
Жылыойский район богат историко-культурными памятниками XVIII–XX веков. Сюда входят архитектурные комплексы, мавзолеи, подземные мечети, сағанатам, қошқартас, надгробные плиты и религиозно-обрядовые сооружения, отличающиеся разнообразием форм и художественной выразительностью. Среди них исследованы крупные могильные комплексы, такие как Жубан тамы, Ұшқан ата, Қарашүңгіл, Шерліғұл, Желтау, Қайнар, Шолабай и Ортатау.
Акмешитский комплекс — архитектурный памятник XVIII–начала XX века. Расположен в 28 км к северо-востоку от села Ақкиізтоғай. Здесь первый мечеть и школа Бекет Ата Мырзагулулы (1750–1813), известного народного деятеля, просветителя и знатного архитектора. В малом комплексe более 30 надгробий, мавзолеев с куполами, представляющих архитектурную, художественную и историко-этнографическую ценность. Автор — известный скульптор республики, земляк Серик Мәтениязов.
Жубан тамы — мавзолей XIX века, посвящённый Жубан баю. Расположен в 45 км к северо-востоку от села Ақкиізтоғай. Внутренние стены украшены разноцветной росписью. Охраняется на республиканском уровне.
Құлсары ата — архитектурный памятник конца XIX – начала XX века, расположен в 6 селах города Құлсары. Сохранился мавзолей Құлсары Тінекейұлы (1820–1900). В комплексе много ограждений и надгробий.
Ұшқан ата — расположен в 40 км к юго-востоку от города Құлсары. Название связано с местным святым Ұшқан ата, хотя есть версии, что оно происходит от «үш аққан» или «үш қан», связывая с кровопролитиями XVIII века между калмаками, торгауытами и казахами. Комплекс датируется XIV–XX веками. Здесь более 2000 захоронений, часть средневековых построек из сырцового кирпича плохо сохранилась, но поздние мавзолеи сохранили первоначальный вид. Надгробия указывают на представителей родов Адай, Кете, Шекті и других. Сегодня сюда приезжают паломники из соседних областей.
Мечеть Дүйсеке ата — памятник XIX–XX века, находится в 10 км к северу от города Құлсары. Построена Дүйсенбаем хажи Дәндіқұлұлы в 1888–1903 годах и использовалась как мечеть-медресе.
Гора Иманқара — в 60 км к северо-востоку от города Құлсары. Длина горы 2 км, ширина 300 м, высота 200 м. Пещера Иманқара изначально естественная, позднее расширена в мягких горных породах. Первые жители появились здесь в эпоху неолита (5–3 тыс. лет до н.э.), затем в раннем железном веке и средние века. В 1944 году пещера якобы использовалась немецкими диверсионными группами.
Религиозно-бытовой комплекс Шолабай — памятник XIX–XX веков местного значения. Расположен на горе Желтау, 132 км к юго-востоку от города Құлсары. Площадь примерно 500х750 м, состоит из 5 частей. В центре расположены мечеть и жилые здания.
Zhylyoi District is rich in historical and cultural monuments dating from the 18th to 20th centuries. These include architectural complexes, mausoleums, underground mosques, saganatam, koshkartas, tombstones, and religious-ritual structures, distinguished by diverse forms and artistic expression. Major investigated burial complexes include Zhuban Tamy, Ushkan Ata, Karashungil, Sherligul, Zheltau, Kaynar, Sholabay, and Ortatay.
Akmeyshit Complex — an architectural monument from the 18th–early 20th century, located 28 km northeast of Akkiztogay village. This was the first mosque and school built by Beket Ata Myrzagululy (1750–1813), a famous national hero, educator, and architect. The small complex contains over 30 tombstones and domed mausoleums of architectural, artistic, and historical-ethnographic significance. The author is the nationally renowned sculptor, fellow countryman Serik Mateniyazov.
Zhuban Tamy — a 19th-century mausoleum built for Zhuban Bay. Located 45 km northeast of Akkiztogay. The interior walls are decorated with multicolored painting. Protected at the national level.
Kulsary Ata — architectural monument from the late 19th–early 20th century, located in six villages of Kulsary. The mausoleum of Kulsary Tinekeyuly (1820–1900) is preserved. Many enclosures and tombstones remain.
Ushkan Ata — located 40 km southeast of Kulsary. Named after the local saint Ushkan Ata; some suggest the name comes from “ush akkan” or “ush qan,” linked to bloody conflicts in the 18th century between Kalmyks, Torgauts, and Kazakhs. Dates from the 14th–20th centuries. The site contains over 2,000 graves. Some medieval structures built of adobe bricks are poorly preserved, but later mausoleums largely retain their original form. Tombstones indicate burials of representatives of the Adai, Kete, Shekti, and other clans. Pilgrims from neighboring regions still visit today.
Duiseike Ata Mosque — 19th–early 20th-century monument, 10 km north of Kulsary. Built in 1888–1903 by Duysenbai Khaji Dandyquly and used as a mosque-madrasa.
Imankara Mountain — 60 km northeast of Kulsary. Mountain length 2 km, width 300 m, height 200 m. Imankara cave was initially natural, later expanded due to soft rock. The area was inhabited in the Neolithic (5–3 thousand BCE), and later in the early Iron Age and medieval periods. In 1944, the cave was reportedly used by Nazi sabotage groups.
Sholabay Religious and Domestic Complex — 19th–20th century local heritage site. Located on Zheltau Mountain, 132 km southeast of Kulsary. The area is approximately 500×750 m and consists of 5 sections. The center contains a mosque and residential buildings.
