Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен

KZ

Палеонтология – Жердің геологиялық өткен кезеңдерінде тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың іздерін және табиғи қалыптарын зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым ежелгі организмдердің түрлік құрамын, морфологиялық ерекшеліктерін, өмір сүру ортасын және эволюциялық дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Палеонтологиялық материалдар Жер тарихының хронологиясын құруда, климаттық өзгерістерді айқындауда және биосфераның даму кезеңдерін зерделеуде маңызды дерек көзі болып табылады. Музей қорларында сақталған қазба үлгілері адамзатқа ежелгі дүниенің сырын ашып, табиғаттың сан мың жылдық өзгерісін тануға көмектеседі.

Белемниттер — тасқа айналған теңіз жәндігінің қалдығы.  Белемниттің сұлбасы ашық қоңыр түсті шағын цилиндрлік зат. Ұшталған ұшы бар ұзын пішінді, сонымен қатар ұшының сол жақ бөлігі сынған. Белемниттің барлық бетінде ақ және сұрғылт түсті дақтар мен тыртық, сол жақ төменгі бөлігінде жарық іздері бар. Бұл белемнит Құлсары қаласынан 60 км қашықтықта орналасқан Ақкерегешың үстіртінен табылған.

Акуланың тісі (otodus minor). Акулалардың тістерінің пішіндері әр түрлі болады: үлкен, кішкентай, үшкір, доғал, кетілген, біркелкі. Тістерінің пішіні мен өлшемдері олардың коректеріне байланысты. Акулалардың жақтарында бірнеше тіс қатарлары болуы мүмкін. Тістері осы қатарлардағы қызыл-иектерге бекітілген. Егерде бірқатар тістерінен айырылса, келесі қатарын қолдана береді. Табылған орны Ақкерегешың үстірті. Мерзімделуі: Палеозой эрасы.

Балық омыртқасы — Зоологиялық коллекция үлгісі. Екі дана омыртқа сүйегі. Пішіні цилиндр тәрізді, екі жағы ойыс (амфицельді тип). Ірі балық түріне тән морфологиялық құрылым. Табиғи кепкен, бүтін күйінде сақталған үлгі.

 

RU

Палеонтология — это наука, изучающая ископаемые остатки, следы и естественные формы растений и животных, которые существовали в геологическом прошлом Земли. Эта наука позволяет определять видовой состав древних организмов, их морфологические особенности, среду обитания и эволюционное развитие. Палеонтологические материалы являются важным источником информации для составления хронологии истории Земли, выявления климатических изменений и изучения этапов развития биосферы. Ископаемые образцы, хранящиеся в музейных коллекциях, помогают человечеству раскрывать тайны древнего мира и понимать многотысячелетние изменения природы.

Блемнит — это окаменевший остаток морского животного. Форма белемнита представляет собой небольшой цилиндрический объект светло-коричневого цвета. Он вытянутый с заострённым концом, при этом левая часть острия сломана. Вся поверхность белемнита покрыта белыми и серовато-коричневыми пятнами и бороздками, на нижней левой части видны следы трещин. Этот белемнит был найден на плато Аккерегеш, в 60 км от города Кулсары.

Зуб акулы (Otodus minor). Форма зубов акул бывает различной: большие, маленькие, острые, тупые, с зазубринами, ровные. Форма и размер зуба зависят от рациона питания акулы. На челюстях акул может быть несколько рядов зубов. Зубы крепятся к красным деснам этих рядов. Если один ряд теряется, используется следующий ряд. Найдено на плато Аккерегеш. Хронологический период: Палеозойская эра.

Позвонок рыбы — образец из зоологической коллекции. Две единицы позвонков. Форма цилиндрическая, с двух сторон вогнутые (амфицельный тип). Морфологическая структура, характерная для крупной рыбы. Образец высушен естественным образом и сохранён в целостном состоянии.

 

EN

Paleontology is the branch of science that studies the fossilized remains, traces, and natural forms of plants and animals that lived during the geological past of the Earth. This science allows researchers to determine the species composition, morphological characteristics, habitats, and evolutionary development of ancient organisms. Paleontological materials are an important source of information for establishing the chronology of Earth’s history, identifying climatic changes, and studying the stages of biosphere development. Fossil specimens preserved in museum collections help humanity uncover the secrets of the ancient world and understand nature’s changes over hundreds of thousands of years.

Belemnite — a fossilized remnant of a marine animal. The belemnite has the shape of a small, light brown cylindrical object. It is elongated with a pointed tip, although the left part of the tip is broken. Its entire surface features white and grayish-brown spots and grooves, with fracture marks on the lower left side. This belemnite was discovered on the Akkeregesh plateau, 60 km from the city of Kulsary.

Shark tooth (Otodus minor). Shark teeth vary in shape: large, small, sharp, blunt, serrated, or uniform. The shape and size of the teeth depend on the shark’s diet. Sharks may have multiple rows of teeth on their jaws. The teeth are attached to the red gums of these rows. If one row is lost, the next row is used. Found on the Akkeregesh plateau. Dating: Paleozoic Era.

Fish vertebra — a specimen from the zoological collection. Two vertebrae. Cylindrical in shape, concave on both sides (amphicoelous type). Morphological structure characteristic of a large fish. Naturally dried and preserved intact.