Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Мың тағзым саған, Ұлы Жеңіс!»

KZ

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің мәліметтері жинақталған экспозиция.

1941 жылы Ұлы Отан соғысына ауданнан 5008 адам Отан  қорғауға аттанып, 3162 боздақ туған жеріне оралмады.  Сол кездерде соғыстың ойран салмаған отбасы кем де кем болды.  Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін өз өмірлерін қиған боздақтарға басымызды ие отырып, ел басына түскен қиын кезде Елдік пен Ерліктің үлгісін көрсеткен аға ұрпақтардың қайсарлығы мен өжеттігі бізге әр уақытта өшпес үлгі-өнеге, ұлағатты тәрбие мектебі болып қала береді.

Нұрғазиев Тобылғы Фин мен Ұлы Отан  соғысына қатынасқан. 1943 жылы  лейтенат дәрежесіне көтерілді. Германия, Польша жерінде майданда болды. 1947 жылы елге оралды. Киімдері, марапаттары, радиосы, пышағы, қылышы сақталған. Музейге тапсырған қызы Майра Тобылғықызы.

Ауданов Баймұқан атамыздың  қойын кітапшасы мен гимнастеркасы сақталған.

Әжіғалиев Дүйсенғали майданда пулемет атушы болған. 1944 жылы Одер өзені маңындағы Дейцеге қаласы түбіндегі ұрыста асқан ерлік көрсеткені үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, белгісіз себептермен берілмей қалған.

Дүйсенбеков Сәді Берлин қаласына бірінші болып кірген танк экипажының көздеуші-мергені. Бас Қолбасшы И.В.Сталиннен 16 рет алғыс алған. Жаудың 50-ге жуық танкісін, 60-тан астам минометі мен дзоттарын жойған. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып, белгісіз себептермен берілмей қалған.

Халықов Есқайыр 250 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойған атақты мерген. Құлсары  қаласындағы №7 мектепке есімі берілді, мектеп жанында батырдың мұражайы ашылған.

Қараманов Рахметолла 1945 жылы Германияның астанасы Берлин Ратушасына №1008 атқыштар полкінің  туын тіккен жерлесіміз. Кеңес Одағының Батыры  атағына ұсынылған, белгісіз себептермен берілмей қалған.

Жазықбаев Далабай Жылыойлық жалынды жауынгер ақыны. 1942 жылдың 11 қыркүйегінде Батыс майдан даласындағы ұрыста ерлікпен қаза тапты. Құлсары қаласындағы №16 мектепке есімі берілді, мектеп жанында ақын мұражайы  ашылған.

Қалиев Біләл 1920 жылы Жылыойда туған. 1942 жылы Сталинград майданында қаза тапқан.  Кеңес Одағының Батыры.

Қыраубаев Қойлыбай (1925-2002) Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері. 16 рет И.В.Сталиннің алғыс хатын алған.  Костьюміне қадалған ордендері мен медальдары және бірнеше құжаттары қойылған.

Музей қорындағы бірнеше ардагерлердің марапаттары мен наградалары және өмірбаяны жазылған.

Таубаев Демеу1942 жылы желтоқсанда Калинин облысы, Оленин ауданының Кувашиново елді  мекенін жаудан  азат ету жолында болған қанды шайқаста аяғынан ауыр жарақат алып, оң дізеге дейін кесіліп, 1943 жылы сәуір айында елге оралды. Сол кісінің құжаттары мен өмір тарихы  мына брошюрадан көрінеді.

Жерлесіміз Бисенғалиев Төлеген1943 жылы алғаш ұрысқа кіріп, өз майдандастарымен бірге Курск иінінде өзіндік маңызды Подстанцияны  жан қиярлықпен қорғап қалғандар қатарында болды. Төлегеннің қаруластары жөніндегі полковник М.А.Гончаров «Қанатты қаһармандар» кітабында қазақ халқының перзенті Төлеген  Бисенғалиев өшпес ерлік өнегесін көрсетті деп жазып, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және ондаған медальдармен марапатталғаны туралы айтты. Бейбіт еңбекте – бірнеше құрмет грамоталарының иегері болды.

 

RU

Экспозиция, посвящённая ветеранам Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.)

В экспозиции собраны сведения о ветеранах, участвовавших в Великой Отечественной войне 1941–1945 годов.

В 1941 году из района на защиту Родины отправились 5008 человек, из них 3162 не вернулись на родную землю. В те годы почти не было ни одной семьи, которую не затронула бы война. Склоняя головы перед павшими за Родину, мы всегда будем помнить мужество и стойкость старшего поколения, которые в трудное для страны время показали пример героизма и патриотизма. Их подвиги остаются для нас вечным образцом и школой воспитания.

Нургазиев Тобылгы участвовал в Финской и Великой Отечественной войнах. В 1943 году получил звание лейтенанта. Воевал на территории Германии и Польши. В 1947 году вернулся на родину. В музее хранятся его личные вещи: одежда, награды, радио, нож и сабля. Переданы дочерью Майрой Тобылгыкызы.

Сохранились записная книжка и гимнастёрка Ауданова Баймукана.

Ажигалиев Дуйсенгали был пулемётчиком. В 1944 году в бою у города Дейцегe на реке Одер проявил героизм и был представлен к званию Героя Советского Союза, однако по неизвестным причинам награда не была присуждена.

Дуйсенбеков Сади — наводчик-стрелок танкового экипажа, одним из первых вошедшего в Берлин. Получил 16 благодарностей от Верховного Главнокомандующего И. В. Сталина. Уничтожил около 50 танков противника и более 60 миномётов и дзотов. Был представлен к званию Героя Советского Союза, но награда не была присуждена.

Халыков Ескайыр — известный снайпер, уничтоживший 250 немецких солдат и офицеров. Его именем названа школа №7 в городе Кульсары, при школе открыт музей героя.

Караманов Рахметолла в 1945 году водрузил знамя 1008-го стрелкового полка на ратуше Берлина. Был представлен к званию Героя Советского Союза, но награда не была присуждена.

Жазыкбаев Далабай — поэт-фронтовик из Жылыоя. Погиб 11 сентября 1942 года в бою на Западном фронте. Его именем названа школа №16 в городе Кульсары, при школе открыт музей поэта.

Калиев Билал (1920 г.р.) родился в Жылыое. Погиб в 1942 году в Сталинградской битве. Герой Советского Союза.

Кыраубаев Койлыбай (1925–2002) — участник войны, награждён орденами Отечественной войны и Красной Звезды. Получил 16 благодарственных писем от И. В. Сталина. В экспозиции представлены его ордена, медали и документы.

В фондах музея также хранятся награды, биографии и документы других ветеранов.

Таубаев Демеу в декабре 1942 года в боях за освобождение населённого пункта Кувашиново (Оленинский район, Калининская область) получил тяжёлое ранение — нога была ампутирована до колена. В апреле 1943 года вернулся на родину. Его документы и жизненный путь отражены в представленной брошюре.

Наш земляк Бисенгалиев Толеген в 1943 году принял первый бой и вместе с товарищами героически защищал важную подстанцию на Курской дуге. Полковник М. А. Гончаров в книге «Крылатые герои» отметил его подвиг, подчеркнув мужество сына казахского народа. Он был награждён орденом Отечественной войны I степени и десятками медалей. В мирное время удостоен многих почётных грамот.

 

EN

Exhibition Dedicated to Veterans of the Great Patriotic War (1941–1945)

This exhibition presents information about veterans who participated in the Great Patriotic War of 1941–1945.

In 1941, 5,008 people from the district went to defend their homeland, and 3,162 of them never returned. In those years, almost every family was affected by the war. Bowing our heads to those who gave their lives, we will always remember the courage and resilience of the older generation, who demonstrated true heroism and patriotism in difficult times. Their legacy remains an enduring example and moral lesson.

Tobylgy Nurgaziev participated in both the Finnish War and the Great Patriotic War. In 1943, he was promoted to lieutenant. He fought in Germany and Poland and returned home in 1947. His personal belongings—clothes, awards, a radio, a knife, and a sword—are preserved in the museum, donated by his daughter Maira.

The notebook and military tunic of Baimukan Audanov are preserved.

Duysengali Azhigaliev was a machine gunner. In 1944, during a battle near the Oder River (near the city of Deitzege), he displayed great bravery and was nominated for the title of Hero of the Soviet Union, but for unknown reasons was not awarded.

Sadi Duysenbekov was a gunner in a tank crew that was among the first to enter Berlin. He received 16 commendations from Supreme Commander Joseph Stalin. He destroyed about 50 enemy tanks and more than 60 mortars and bunkers. He was nominated for the title of Hero of the Soviet Union but did not receive it.

Eskayir Khalykov was a famous sniper who eliminated 250 German soldiers and officers. School No. 7 in Kulsary is named after him, and a museum dedicated to him is located there.

Rakhmetolla Karamanov raised the flag of the 1008th rifle regiment over Berlin City Hall in 1945. He was nominated for the title of Hero of the Soviet Union but was not awarded.

Dalabay Zhazykbayev was a frontline poet from Zhylyoi. He was killed in action on September 11, 1942, on the Western Front. School No. 16 in Kulsary bears his name, and a museum is dedicated to him.

Bilal Kaliyev (born 1920) was from Zhylyoi and died in 1942 during the Battle of Stalingrad. He was a Hero of the Soviet Union.

Koylybay Kyraubayev (1925–2002) was a war veteran awarded the Orders of the Patriotic War and the Red Star. He received 16 letters of appreciation from Stalin. His medals, orders, and documents are displayed in the exhibition.

The museum also holds awards, biographies, and documents of several other veterans.

Demeu Taubayev was severely wounded in December 1942 during the liberation of Kuvashinovo (Kalinin region), resulting in the amputation of his leg above the knee. He returned home in April 1943. His life story and documents are presented in a brochure.

Our fellow countryman Tolegen Bisenhaliyev entered his first battle in 1943 and heroically defended a key substation during the Battle of Kursk. Colonel M. A. Goncharov, in his book “Winged Heroes,” praised his bravery and noted his outstanding courage. He was awarded the Order of the Patriotic War (1st degree) and dozens of medals. In peacetime, he received numerous honorary certificates.

 

KZ

Нұрғазиев Тобылғының жеке заттары мен әскери жәдігерлері

Тобылғы Нұрғазиев Фин соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы лейтенант әскери атағын алған. Германия мен Польша жерінде майдан шебінде болған. 1947 жылы елге оралған. Соғыс жылдарынан сақталған жеке заттарының қатарында киімдері, марапаттары, радиосы, пышағы мен қылышы бар. Бұл жәдігерлер майдангердің өмір жолын, әскери қызметін және соғыс жылдарындағы тарихи кезеңді танытатын құнды мұра болып табылады.

Аталған жәдігерлерді музейге қызы Майра Тобылғықызы тапсырған.

 

Личные вещи и военные реликвии Тобылгы Нургазиева

Тобылгы Нургазиев принимал участие в Финской и Великой Отечественной войнах. В 1943 году ему было присвоено воинское звание лейтенанта. Он воевал на территории Германии и Польши. В 1947 году вернулся на родину. Среди сохранившихся личных вещей военного времени — одежда, награды, радиоприёмник, нож и сабля. Эти экспонаты представляют историческую ценность, поскольку отражают жизненный путь ветерана, его военную службу и события военного периода.

Указанные предметы переданы в музей его дочерью Майрой Тобылгыкызы.

 

Personal Belongings and Military Artefacts of Tobylgy Nurgaziyev

Tobylgy Nurgaziyev participated in the Winter War and the Great Patriotic War. In 1943, he was promoted to the rank of lieutenant. He served on the front lines in Germany and Poland and returned to his homeland in 1947. His preserved personal belongings from the war years include clothing, military awards, a radio, a knife, and a sword. These artefacts represent a valuable historical heritage, reflecting his life, military service, and the historical events of the wartime period.

The artefacts were donated to the museum by his daughter, Mayra Tobylgykyzy.