Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Жылыойлық дәрігерлер туралы ақпараттар, алғашқы дәрігерлердің пайдаланған құралдары жинақталған экспозиция.

KZ

Жылыойлық дәрігерлерге арналған экспозиция. Бұл экспозицияда ауданның денсаулық сақтау саласының қалыптасу тарихы, алғашқы медициналық мекемелердің дамуы, сондай-ақ ел игілігі үшін еңбек еткен дәрігерлердің өмірі мен қызметі, олардың пайдаланған құралдары қойылған.

Жылыой ауданының денсаулық сақтау тарихы 1928 жылдан бастау алады. Сол кезеңде 10 төсектік аурухана мен емхана тұрғындарға қызмет көрсетті. Уақыт өте келе медициналық мекемелер саны артып, денсаулық сақтау жүйесі біртіндеп қалыптасып, жетілдірілді.

1932 жылы ауданда 2 аурухана, 5 фельдшер-акушерлік пункт және 1 дәріхана жұмыс істеп, онда 2 дәрігер мен 3 орта буын медицина қызметкері еңбек етті. 1933 жылы аурухана төсектерінің саны 25-ке дейін ұлғайды. Ал 1940 жылға қарай ауданда 9 дәрігер, 36 орта буын медицина қызметкері жұмыс істеп, 55 төсектік екі аурухана қызмет көрсетті.

Экспозицияда денсаулық сақтау ісін дамытуға үлес қосқан дәрігерлердің фотосуреттері мен еңбек жолдары ұсынылған. Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы медицина саласында еңбек еткен Нещерет Тайсия (Құрмет белгісі орденінің иегері), Темірбаев Жәкен, Борамбай Атыраубаев, Яхут Атыраубаева және бала дәрігері Қаниев Ғапу бар.

Сонымен қатар, «Қазақ Республикасына еңбегі сіңген дәрігер» Досмұхамбетова Күләш, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Мәтешова Тыныштық, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Сәкен Жарылғағанұлы және жоғары санатты дәрігер Молдағалиев Бақтыгерейдің өмір жолы ерекше аталады.

Бұл экспозицияда сондай-ақ алғашқы дәрігерлер қолданған медициналық құралдар да қойылған. Олар – сол кезеңдегі медицина қызметінің қандай жағдайда дамығанын көрсететін құнды тарихи жәдігерлер.

 

RU

Экспозиция, посвящённая врачам Жылыойского района

В данной экспозиции представлены история становления системы здравоохранения района, развитие первых медицинских учреждений, а также жизнь и профессиональная деятельность врачей, трудившихся на благо народа. Здесь также выставлены медицинские инструменты, которыми они пользовались в своей работе.

История здравоохранения Жылыойского района берёт начало в 1928 году. В тот период населению оказывали медицинскую помощь больница на 10 коек и поликлиника. Со временем количество медицинских учреждений увеличивалось, а система здравоохранения постепенно формировалась и совершенствовалась.

В 1932 году в районе функционировали 2 больницы, 5 фельдшерско-акушерских пунктов и 1 аптека. В них работали 2 врача и 3 медицинских работника среднего звена. В 1933 году количество больничных коек увеличилось до 25. К 1940 году в районе трудились уже 9 врачей и 36 медицинских работников среднего звена, а населению оказывали помощь две больницы общей вместимостью 55 коек.

В экспозиции представлены фотографии и биографии врачей, внёсших значительный вклад в развитие здравоохранения района. Среди них — Нещерет Тайсия, награждённая орденом «Знак Почёта», Темирбаев Жакен, Боранбай Атыраубаев, Яхут Атыраубаева и детский врач Гапу Каниев, посвятившие многие годы своей жизни медицинской деятельности.

Особое внимание уделено жизненному и профессиональному пути Кулаш Досмухамбетовой, удостоенной звания «Заслуженный врач Казахской Республики», Тыныштык Матешовой, награждённой орденом «Знак Почёта», Сакена Жарылганулы, отличника здравоохранения, а также Бактыгерея Молдагалиева — врача высшей категории.

Кроме того, в экспозиции представлены медицинские инструменты, которыми пользовались первые врачи района. Эти предметы являются ценными историческими экспонатами, позволяющими узнать, в каких условиях развивалась медицина в тот период.

 

EN

An Exhibition Dedicated to the Doctors of Zhylyoi District

This exhibition presents the history of the development of healthcare in the district, the establishment of the first medical institutions, and the lives and professional achievements of doctors who devoted themselves to serving the community. It also features medical instruments used by these healthcare professionals.

The history of healthcare in Zhylyoi District dates back to 1928. At that time, a 10-bed hospital and an outpatient clinic provided medical services to local residents. Over the years, the number of medical institutions increased, and the healthcare system gradually developed and improved.

In 1932, the district had two hospitals, five feldsher-midwife stations, and one pharmacy. Two doctors and three mid-level medical professionals worked at these institutions. In 1933, the number of hospital beds increased to 25. By 1940, the district employed nine doctors and 36 mid-level medical professionals, while two hospitals with a total capacity of 55 beds served the population.

The exhibition features photographs and biographies of doctors who made significant contributions to the development of healthcare in the district. Among them are Taissiya Nescheret, a recipient of the Order of the Badge of Honour; Zhaken Temirbayev; Borambay Atyrubayev; Yakhut Atyrubayeva; and pediatrician Gapu Kaniyev. These professionals dedicated many years of their lives to the medical field.

Special attention is given to the lives and careers of Kulash Dosmukhambetova, awarded the title of Honoured Doctor of the Kazakh Republic; Tynyshтык Mateshova, a recipient of the Order of the Badge of Honour; Saken Zharylgağanuly, recognised as an Excellence in Healthcare award recipient; and Baktygerey Moldagaliyev, a doctor of the highest qualification category.

The exhibition also displays medical instruments used by the district’s first doctors. These valuable historical artefacts provide insight into the conditions under which medicine developed during that period.