Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті — жылыой ауданы музейі

Аудандық музейде Қазақстан әскерінің Тәжік-Ауған шекарасын қорғау міндеттерінің аяқталғанына 20 жыл толуына орай "Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті" атты патриоттық еске алу кеші өтті. Ауданымызда «Тәжік-Ауған шекарасында  жауынгерлік  қимылдарына  және әскери қақтығыстарына қатысушылар»  республикалық қоғамдық бірлестігінің  Жылыой аудандық филиалын құрылған. Аталған қоғамдық бірлестік жастар арасында Отансүйгіштік пен патриотизмді насихаттауға үлкен үлес қосуда. Бұл шара да аталған

Аудандық музейде Қазақстан әскерінің Тәжік-Ауған шекарасын қорғау міндеттерінің аяқталғанына 20 жыл толуына орай «Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» атты патриоттық еске алу кеші өтті.

Ауданымызда «Тәжік-Ауған шекарасында  жауынгерлік  қимылдарына  және әскери қақтығыстарына қатысушылар»  республикалық қоғамдық бірлестігінің  Жылыой аудандық филиалын құрылған. Аталған қоғамдық бірлестік жастар арасында Отансүйгіштік пен патриотизмді насихаттауға үлкен үлес қосуда.

Бұл шара да аталған қоғамдық бірлестікпен  бірлесіп өткізіліп, оған Тәжік-ауған шекарасында әскери қызметін өтеген азаматтар, ата-аналар, №9 мектептің «Намыс» кадет әскери-патриоттық клуб мүшелері, БАҚ өкілдері мен ардагерлер, басқа да көрермендер шақырылды.

Шара алдымен «Ардагерлер ерлігі жастарға өнеге» тақырыбында жасақталған экспозициялық көрмені таныстырумен басталып, әскери борышын өтеуде қаза болған жерлес жауынгерді еске алып, құран бағыштаумен жалғасты.

Шараның негізгі бөлімін музейдің қор сақтаушысы Мұқашева Динара ашып, әрі қарай  «Тәжік-ауған шекарасы» тақырыптық бейнефильмі тамашаланды. Музей қызметкерлері арнайы дайындаған «Отанды қорғау — азаматтық борыш» тақырыбында слайд баяндамалық ақпараттық мәліметтермен түсіндірілді.

Кеште Тәжік-Ауған шекарасында  жауынгерлік  қызметін атқарған, жоғарыда аталған қоғамдық бірлестіктің Жылыой аудандық филиалының  төрағасы Дүйсенбетов Қайрат,  төрағасының орынбасары Тлеуғожин Нұрберді сөз сөйлеп, әскери қызметін, жауынгер достарын еске алды. №9 мектеп жанындағы әскери-патриоттық клуб мүшелерінің әскери өнерлерін тамашалап, көрермендер ризашылық білдірді.

Тәжік-Ауған  шекарасында әскери қызметін өтеу кезінде қаза топқан Мырзағалиев Ерлан, елге келіп қайтыс болған Жекебаев Бауыржан, Іңірбаев Мұхамбеттің отбасы мүшелері де еске алып, өтіп жатқан шараға ризашылықтарын білдірді.

Шара барысында сазды сәлемдемелер жолданып, әскери патриоттық әндер шырқалды, біраз естеліктер айтылып, кеш қорытындысында музей атынан қатысушыларға сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды.