Жер бетіне жылулық сыйлап, тіршілік бастауын әкелетін, көктем мерекесіне орай Аудандық музейде 8 – Наурыз Халықаралық аналар күніне орай «Ер Ана» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.
Бүгінгі заманда әйелдер тек отбасының береке бірлігін келтіріп отырған тұлға ғана емес, сонымен бірге олар мемлекеттік мәселелерге белсене араласатын қоғамның мүшелері. Көрмеге Жылыойлық «Ер Ана» деп аталып кеткен Социалистік Еңбек Ері Сәли Шәкірованың тұтынған жеке бұйымдары, фотосуреті, білезік, өңіржиек, зерен ыдыстары қойылды.
Сонымен бірге ұзақ жылдар аудандық Кеңес атқару комитеті төреайымы болып, басқару саласында абыройлы еңбек еткен, екі мәрте «Қызыл Ту», екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған Миллят Сабырованың кітаптары, фотосуреттері қойылды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздіктері, ұлағатты ұстаздар Ахметова Кенған, Ғабдолкәрімова Үміт, Мәрденова Ақзер, Ғалиева Рабиғаның музей қорындағы деректері, Жылыойлық ақын қыздарымыз Сәулеш Шәтенова, Жаңыл Байеділова кітаптары да көрмеден орын алды. Мұнайшы анамыз- Самарханова Сүйрік туралы естеліктер қойылды.
Әйел — Ана, кім бар ұлы Анадан,
Аналарға бас ию керек әр адам.
Маған өмір, саған өмір сыйлаған,
Ана сүті шықпақ емес санадан.
Мереке құтты болсын!
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/149-8-nauryz-khaly-araly-analar-k-nine-oraj-er-ana-atty-ua-ytsha-k-rme-jymdastyryldy.html#sigFreeIdc9a86a8817