Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Құрақ құраудың сырлары» — жылыой ауданы музейі

Аудандық музейде 30 наурыз күні «Құрақ құраудың сырлары»  атты шеберлік сағаты өтті. Наурыз айының 30 жұлдызында аудандық музейде өткен «Құрақ құраудың сырлары» атты шеберлік сағатына аудан тұрғыны Мауытова Гүлжамал Нұрбайқызы шақырылды. Шеберлік сағатымыз тікелей эфирде жүргізілді. Гүлжамал Нұрбайқызы өз қолынан шыққан құрақ көрпешелері мен қыз жасауына қажетті қолөнер бұйымдары және оның шығу тарихымен таныстыра отырып

Аудандық музейде 30 наурыз күні «Құрақ құраудың сырлары»  атты шеберлік сағаты өтті.

Наурыз айының 30 жұлдызында аудандық музейде өткен «Құрақ құраудың сырлары» атты шеберлік сағатына аудан тұрғыны Мауытова Гүлжамал Нұрбайқызы шақырылды. Шеберлік сағатымыз тікелей эфирде жүргізілді.

Гүлжамал Нұрбайқызы өз қолынан шыққан құрақ көрпешелері мен қыз жасауына қажетті қолөнер бұйымдары және оның шығу тарихымен таныстыра отырып, әңгімесін бастады. Қол өнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отыру керектігін айтты.

Жалпы құрақ дегеніміз — Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 ден аса түрі бар. Соның ішінде төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

Яғни, құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай мынандай түрлерге бөлінеді:

.Геометриялық

.Зооморфты

.Өсімдіктектес

.Тұрмыстық

.Космогоникалық

         Қазақ халқында өрнекті әшекеймен жасалатын қолөнер түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен баурап алып, тарих қойнауына жетелейтін, шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар, сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі деп түсіндіре кетті.

         Тікелей эфир жарты сағатқа созылып, сол  уақыттың ішінде Гүлжамал Нұрбайқызы өзінің іс-машинасымен құрақ көрпешенің жасалу тәсілін көрсетті.

         Гүлжамал Нұрбайқызына тікелей эфирге келісімін беріп, уақытын бөлгені үшін ризашылық білдіре отырып, Жылыой аудандық музей атынан сый-сияпат табыс етілді.