Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Асық ойынының пайдасы» — жылыой ауданы музейі

«Асық ойынының пайдасы» шеберлік сағаты. Жылыой аудандық музейінде «Асық атудың пайдасы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Жылыой  даласы – ықылым заманнан салт-дәстүрдің, ұлттық құндылықтың алтын бесігі. Ата-бабамыз ұлттық ойындарды қаймағы бұзылмаған қалпы өзге жұртқа танытып, ұрпақтан ұрпаққа саф алтындай сақтап, құндақтап, жаңартып, заман ауқымына қарай түрлендіріп, халқына ғажайып  етіп сыйлады. Сол жаңғырған мұраларды ұрпақпен қауыштыру мақсатында

«Асық ойынының пайдасы» шеберлік сағаты.

Жылыой аудандық музейінде «Асық атудың пайдасы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Жылыой  даласы – ықылым заманнан салт-дәстүрдің, ұлттық құндылықтың алтын бесігі. Ата-бабамыз ұлттық ойындарды қаймағы бұзылмаған қалпы өзге жұртқа танытып, ұрпақтан ұрпаққа саф алтындай сақтап, құндақтап, жаңартып, заман ауқымына қарай түрлендіріп, халқына ғажайып  етіп сыйлады. Сол жаңғырған мұраларды ұрпақпен қауыштыру мақсатында Жылыой аудандық музейінде «Асық атудың пайдасы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шара барысында балалар асық түрлері, асық ойнаудың пайдасы, асықпен ойналатын ойындар жөнінде мағлұмат алды. Шараға 7-10 жас  аралығындағы балалар қатыстырылды. «Бес асық», «Ханталапай» ойындары ойнатылып, әр ауыл балаларының басқосуының  негізі болған – асық ойыны балаларды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулыды. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететін  болғандықтан, балалардың денесі қызып, бойдағы қан айналымын жақсартып, үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай  бүгу, жиырылу, жас балалардың  денесін шынықтырып, ширыға түсті. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, «Мерген бала», «Шапшаң бала», «Епті бала» номинациясы беріліп, музей атынан ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.