Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

1418 күнге созылған сұрапыл соғыс жылдары…

1418 күнге созылған сұрапыл соғыс жылдарында қасиетті Жылыой жерінде қасірет тартпаған әулет барма, ашылмай қалған түндік, оты өшкен ошақ қаншама? Кешегі ер етікпен қан кешкен, ат ауыздықпен су ішкен сол соғыс жылдарында майдан даласында майып болған асыл азаматтар біреудің жары, біреудің ұлы болатын. Туған жердің тұтастығын, ел бірлігін қорғауға Жылыой жерінен де көптеген азаматтар аттанды.

1418 күнге созылған сұрапыл соғыс жылдарында қасиетті Жылыой жерінде қасірет тартпаған әулет барма, ашылмай қалған түндік, оты өшкен ошақ қаншама?

Кешегі ер етікпен қан кешкен, ат ауыздықпен су ішкен сол соғыс жылдарында майдан даласында майып болған асыл азаматтар біреудің жары, біреудің ұлы болатын. Туған жердің тұтастығын, ел бірлігін қорғауға Жылыой жерінен де көптеген азаматтар аттанды. Соның 1700-дей жерлестеріміз қан майданда оққа ұшқан. Бүгінгі таңда музей қорында ұрпақтары ерліктерін елге мадақтай тапсырған Ұлы Отан соғыс ардагерлері Қалиев Жақсығали, Төлегенов Бисенғали, Таубаев Демеу, Құлжанов Сырымбай, Медеуов Айжарық, Балмұқанов Жаңабай, Ержанов Боран, Исменов Бисеннің құжаттары «Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік»атты уақытша көрмеге қойылды.