Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқының бірлігі күні-Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Мереке 1996 жылдан бастап тойланып келеді.1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті,береке мен бірлікте бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. ҚХА 25 жылдығына орай, Қостанай қаласында өткеy славян мәдениетінің «Белые росы» атты халықаралық фестиваліне ұлттық мәдениеттің «Ұлы дала елінің ұрпақтары» атты республикалық онлайн фестивальға Романов Андриан домбырада «Коробейники». «Көрғұлы» шығармаларын,ал Қосшағыл ауялының тұрғыны, 12 жастағы татар ұлтының өкілі Рафхатов Әлішер «Ехал казак за Дунай» мен Қ.Бекеновтың «Кең Жылыойымын» сырнайда тамаша орындап, музей залында өткен қорытынды кеште Алғыс хат пен және дипломдармен марапатталды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі,еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ,бірлік мәңгі жасай берсін.