Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Түсіне домбыра кіріп,күй оятқан. — жылыой ауданы музейі

Еліміздің ғасырлық мәдени мұрасын жинақтап ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді паш ететін тарихи құндылықтарымызды сақтау-музейдің міндеті. Бұл жәдігерлерді көздің қарашығындай қорғап кейінгі ұрпаққа аманаттау ортақ парызызымыз,елдігіміздің көрінісі. "Ел іші өнер кеніші дегендей,халық ортасынан жарып шыққан,талғампаз жұртшылықтың жүрегіне жол тапқан дарынды домбырашы,талантты композитор Тоқсанбай Құлтумиев еді.Ол ешбір туындыға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы бар шығармасы "Комсомол" атты күйімен дүйім

Еліміздің ғасырлық мәдени мұрасын жинақтап ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді паш ететін тарихи құндылықтарымызды сақтау-музейдің міндеті.

Бұл жәдігерлерді көздің қарашығындай қорғап кейінгі ұрпаққа аманаттау ортақ парызызымыз,елдігіміздің көрінісі. «Ел іші өнер кеніші дегендей,халық ортасынан жарып шыққан,талғампаз жұртшылықтың жүрегіне жол тапқан дарынды домбырашы,талантты композитор Тоқсанбай Құлтумиев еді.Ол ешбір туындыға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы бар шығармасы «Комсомол» атты күйімен дүйім жұртқа танылған.

«Анашым»,»Жазыңмен өмірімді жылытшы»,»Өзіңсің ғой өмірімнің бұлбұлы» әндерін жазған.Құрманғазы күйлерінің шебер орындаушысы болған. Қазір Тоқсанбай Құлтумиев атында Жылыой ауданында көше және саз мектебі бар.Аудандық музейде композитордың тұтынған домбырасы тұр.Сондай-ақ марапаттары,дарынды сазгер туралы жазылған газет мақалалары сақталған.