Жылыой аудандық музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Тағзым. Құрмет. Өнеге» тақырыбында Жылыой өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Темір Бекбаулыұлының 100 жылдығына орай, «Ғасырмен үндескен ғибратты ғұмыр» атты еске алу шарасы өтті. Шараның мақсаты — рухани тарихымызды тану, Темір Бекбаулыұлындай ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлғаның жетістігі, шыққан биігі, қажырлы еңбегін насихаттау.
Темір Бекбаулыұлының өмірі мен еңбек жолынан экскурсия жасалып, «Еңбегімен ер сыйлы» кинофильмі көрсетілді. Шараны қоғамдық қор төрағасы, ардагер Н.Ақназаров жүргізді. Аудан еңбек ардагерлері Темір ата туралы М.Бердіғалиев, Қ.Басығариев, Т.Сәрсенов, З.Бердіқұлов, Ө.Сидекова өздері көрген қадірлі жанның естеліктерін айтты. Аудан өнерпазы А.Қалдыбаев «Біздің елдің жігіттері» және «Қазтуғанның термесі», «Қайран Еділ» әндерімен шараның шырайын келтірді. Кезекті сөз алған Темір ата зайыбы Зыли әжеміз музей қызметкерлеріне жемісті еңбек тілеп, музей қорына 2 орден, 13 медаль, 10 төсбелгі құжаттарымен және де отбасылық альбомнан фотосуреттер сыйға тартты.
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/187-asyrmen-ndesken-ibratty-myr5.html#sigFreeId4712c7c15a