Жылыой аудандық музейінің көрме залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы зергерлік бұйымдар коллекциясынан «Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясының ашылу салтанаты болып өтті.
Көрменің мақсаты-ұлы дала өркениетінің өнегесін дәріптеу, кешегі бабалар қолымен жасалған зергерлік өнер туындыларының сән-салтанатын паш етіп, атадан балаға мұра болып жеткен құндылықтарды халыққа жеткізіп насихаттау болып табылады.
Осы мақсатта, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің қорындағы халқымыздың қайталанбас асыл мұрасының бірі «Зергерлік бұйымдары коллекциясымен» Жылыой ауданына келді. Салтанатты шараға аудан әкімі, бөлім қызметкерлері, ұйым төрағасы Бектілеу Сағынбай ағамызбен бірге ардагерлер, аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесі, мәдениет саласы қызметкерлері, баспасөз, аудан жастарының өкілдері, жалпы музей көрермендері мен өнер жанашырлары қатынасты.
Жылыой ауданы әкімі Х.Жамалов өз кезегінде зергерлік өнер көрмесінің ашылу салтанатымен құттықтап, көрменің ұйымдастырушысы Атырау облыстық музейінің басшысы Р.Е.Хариповаға Алғыс хат табыс етті.
Өлке тарихының құндылықтарын жинақтауда өзіндік қолтаңбасы бар, мәдениет, музей қызметі саласының ардагері Санахаева Қуантқан Озғанбайқызы сөз сөйлеп, бабалар мұрасы болған ел қазынасын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу парызымыз екендігін атап өтті.
Шара барысында Т.Құлтумиев атындағы балалар саз мектебінің мұғалімдері Дүйсенбайұлы Әсет халық әні «Кең Жылыой», Аманқұлова Ару «Халық термесін» орындады.
Көрменің лентасын қию рәсімі аудан әкімі Жамалов Халел Жамалұлы мен Жылыой ауданының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Ақназаров Нұрдәулет Ақназарұлына жолданды.
Зергерлік бұйымдар көрмесін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің этнография және өлке табиғатын зерттеу бөлімінің этнограф маманы Хансұлтанова Базаргүл Мақсотқызы таныстырды. Көрмеге 80-нен астам бұйымдар қойылды. Келушілер өте нәзік және күрделі өнер туындыларын тамашалады.
Сонымен қатар, көрмеде ауданымыздың қолнер шеберлері Мәтениязов Серіктің, Мамырова Ләззаттың өнер туындылары қойылған шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
View the embedded image gallery online at:
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/188-zhylyoj-audandy-muzejini-k-rme-zalynda-aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-30-zhyldy-y-ayasynda-atyrau-oblysty-tarikhi-lketanu-muzeji-orynda-y-zergerlik-b-jymdar-kollektsiyasynan-m-denietindegi-zergerlik-ner-ekspozitsiyasyny-ashylu-saltanaty-bolyp-tti.html#sigFreeId863bcfd36e
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/188-zhylyoj-audandy-muzejini-k-rme-zalynda-aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-30-zhyldy-y-ayasynda-atyrau-oblysty-tarikhi-lketanu-muzeji-orynda-y-zergerlik-b-jymdar-kollektsiyasynan-m-denietindegi-zergerlik-ner-ekspozitsiyasyny-ashylu-saltanaty-bolyp-tti.html#sigFreeId863bcfd36e