30.09 2021 ж. аудандық музейде №8 мектептің 9″А» сыныбынан құрылған «Жас өлкетанушылар» үйірмесімен әдістемелік жоспарға сәйкес «Кең Жылыой біздің елдің тиянағы» атты дәріс болып өтті. Дәріс мақсаты Жылыой өңіріндегі ірі өзен-көлдердің, тау-төбелердің атауларына мәлімет бере отырып, оның тарихына кеңінен тоқталу, оқушылырға өлкенің киелі мекендерімен таныстыра отырып, өз туған өлкесін, отанын патриоттық сезіммен жақсы көруіне ықпал ету. Дәріс басында музей директоры Мұрат Ерісұлы өлкетанушылардың ынтасын арттыру үшін жылы лебізін білдірді. Сабақ барысында үй тапсырмасы мен аталған тақырып талқыланып, оқушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып отырды. Тақырыпқа сәйкес «Құлсары ата» қорымына экскурсия жасалды. #qazaqstan30
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/184-zhylyoj-audandy-muzejde-zhas-lketanushylar-jirmesi-ryldy.html#sigFreeId6937c3d791