Жылыой ауданы музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауылдың жетістіктерін көрсету бойынша «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафоны жоспар-кестесіне сәйкес, 20-28 қыркүйек аралығында Жылыой өлкесінің дамуына ауқымды үлес қосқан еңбек ардагерлерін, олардың жетістіктерінен насихаттайтын фотогалерея көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне арналған арнайы стенд жасақталды және көрмеге ауылшаруашылығы ардагерлерінің жеке-жеке фотолары қойылды, өмірдеректері, жетістіктері, марапаттары жазылған ақпарат орналастырылды. #qazaqstan30