12 наурыз күні Жылыой ауданы музейінің ұйымдастыруымен жергілікті сазгер, 1958 жылғы қазақ өнері мен мәдениетінің Мәскеудегі он күндігіне қатысушы Зәбен Жарылғасовтың өмір жолына арналған «Жылыойда жарқырап жанған жұлдызы» атты кітаптың тұсаукесері болып өтті. Кеште З.Жарылғасовтың өмірі мен қызметі, шығармашылығы туралы тақырыптық слайд, баяндамалық ақпарат беріліп, музей қорындағы жәдігерлерінен көрме жасақталды.
Кешті танымал ақын Бүркіт Базарбаев жүргізіп, кітап авторы, өлкентаушы-тарихшы Аманғали Әміржанов кітап құрылымымен, негізілген тараулармен таныстырып өтсе, ардагерлер, кезінде қызметтес болған әріптестері, ағайын-туыстары З.Жарылғасовтың өмірі мен еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісті. Кеште Жылыойлық әншілер Әсия Тлеуқұлова Зәбен Жарылғасовтың «Аққуым» әнін орындаса, Г.Қаналиева «Қазақстаным» әнін, Тілес Тілеуқұлов бір күйін орындап берді. Қатысқан қонақтарға кітап таратылып, аудандық музейге, кітапханаға бірнеше данасы тапсырылды. Кешке 45 адам қатынасты.
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/200-muzejde-tken-zhylyojda-zhar-yrap-zhan-an-zh-ldyzy-atty-kitapty-t-saukeseri.html#sigFreeId71ccff5542