Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Жылыой аудандық музейінде Республика күніне орай, «Икем» арт студиясы оқушыларымен шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылды

Биылғы күз біз үшін мерейлі мерекеге айналды. Биылдан бастап Республика күні тойланғалы отыр.Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылы 25 қазан күні КАЗ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына заңына қол қойылды. 2001 жылы Республика күні деп белгілеп, жалпақ жұртқа жария етті. Бірақ арада 8 жыл өткен соң бұл мереке мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Бүгінде 25 қазан

Биылғы күз біз үшін мерейлі мерекеге айналды. Биылдан бастап Республика күні тойланғалы отыр.Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылы 25 қазан күні КАЗ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына заңына қол қойылды. 2001 жылы Республика күні деп белгілеп, жалпақ жұртқа жария етті. Бірақ арада 8 жыл өткен соң бұл мереке мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Бүгінде 25 қазан Республика күні деп белгіленді.Жылыой аудандық музейінде Республика күніне орай, «Икем» арт студиясы оқушыларымен шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оншақты суретші қатысып, олар түрлі тақырыптарды қамтыды. Суреттер арқылы әр баланың мінез құлқын, ішкі ойын түсінуге болады. Кейбір картиналардың авторлары туған жерге, табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббатын әсем бейнелеген.Сурет үйірмесінің жетекшісі Ізімова Жадыра Нұрболатқызы өз жанының бір бөлігін, жылуы мен сүйіспеншілігін балаларға бере отырып, оларды өнер жолымен жаңа шығармашылық биіктерге жетелеп келеді. Балаларды суретке баулуда, өзінің кәсіби шеберлігін іске асыратындығы, бала тұлғасының рухани әлемін дамыта отырып, өнер түрлеріне деген қызығушылығын арттыратындығын сөз кезегінде айта кетті.Сурет көрмесін музейге келушілер мен суретшілердің ата-аналары тамашалады.Шара соңында көрмеге қатысушыларға музей атынан алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді