10 – қараша 2022 жылы аудандық музейде Жылыой ауданының Құрметті азаматтары, өлкетанушылар, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшелері Қонаш Қалдыоразұлы мен Ақназаров Нұрдәулет есімді елжанды тұлғалардың 80-жас мерейтойына орай «Өресі биік — Ер тұлға» тақырыбында өлкетанушы ардагерлердің жас өлкетанушылармен кездесу кеші болып өтті. Шара барысында «Туған өлке тарихының куәгерлері», «Әке жүрегі таудан биік» атты бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Жылыойлық ақын, өлкетанушы Ұлықпан Сисекенов пен «Ардагерлер Кеңесінің төрағасы» Гайдар замандас қарымды қаламгерлеріне ақ жарма – ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар № 5 мектептің 5 «а» сынып оқуышысы Берікұлы Бақытбек – «Менің әкем – жақсы адам» әнін орындап көрермен көңіліне бір серпіліс берді. Кездесу кешіміздің аяқталуына таман жас өлкетанушыларымыз ардагер өлкетанушыларға қызықты сұрақтарын қойып, көкейдегі сқрақтарының жауабын ала білді. Шара соңында өлкетанушыларымызға ризашылық білдіріп, естелік сый табысталды
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/223-resi-biik-er-t-l-a-ta-yrybynda-lketanushy-ardagerlerdi-zhas-lketanushylarmen-kezdesu-keshi.html#sigFreeId7066773a4c