Атырау қаласының 382 жылдығы аясында Жылыой ауданының «Киелі мекен — Кең Жылыой» атты мәдени күні өтті.Атырау қаласындағы «Құрманғазы» мәдениет сарайында ұйымдастырылған «Киелі мекен — Кең Жылыой» шарасы аудан өнері мен мәдениетін, тарихы мен тұрмыс-тіршілігін дәріптеуге бағытталған мәдени шара.Жылыой ауданының мәдени күніне Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, ардагерлер, қала тұрғындары, Жылыой ауданынан аудан әкімі Жұмабек Қаражанов және аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров, ауданның өнер мен мәдениет саласының ардагерлері, бөлім басшылары, өнер жанашырлары қатысты.Аудан өнерпаздары Атырау қаласының тұрғындарына жыр мен термеден, әсем ән мен тәтті күйден, мың бұралған биден шашу шашып, сонымен қатар зергерлік бұйымдар мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрмесі ұйымдастырылып Атырау жұртшылығының ыстық лебізіне бөленді.Мәдени жиын соңында аудан әкімі Жұмабек Қаражанов Атырау қаласының 382 жылдық мерейтойымен құттықтап, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановқа құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/https://old.maslihaty.kz/muzej-turaly/m-deni-is-sharalar-k-rmeler/228-zhylyoj-audanyny-kieli-meken-ke-zhylyoj-atty-m-deni-k-ni-tti.html#sigFreeId6cc2e920e2