Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Жылыой ауданының «Киелі мекен — Кең Жылыой» атты мәдени күні өтті

Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Жылыой ауданының "Киелі мекен - Кең Жылыой " атты мәдени күні өтті. «Киелі мекен - Кең Жылыой» шарасы ұлттық өнерді, мәдени демалыс ұйымдары арасында тәжірибе алмасу шығармашылық ұжымдар арасындағы кәсіби шеберлікті арттыруға, тәжірибе алмасуға жоспарланған мәдени шара. Аудан өнерпаздары Бейнеу ауданы жұртшылығына жыр мен термеден, әсем ән

Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Жылыой ауданының «Киелі мекен — Кең Жылыой » атты мәдени күні өтті.

«Киелі мекен — Кең Жылыой» шарасы ұлттық өнерді, мәдени демалыс ұйымдары арасында тәжірибе алмасу шығармашылық ұжымдар арасындағы кәсіби шеберлікті арттыруға, тәжірибе алмасуға жоспарланған мәдени шара.

Аудан өнерпаздары Бейнеу ауданы жұртшылығына жыр мен термеден, әсем ән мен тәтті күйден, мың бұралған биден шашу шашты. “Ел іші — өнер кеніші” атты тақырыпта Жылыой аудандық музейі қорында сақталған этнографиялық жәдігерлерінен жарты киіз үй макеті құрылып, салт-дәстүріміздің бейнесі дәріптелді. Сонымен қатар көрме аясында Қ.Боханов, І.Шәкірұлы, С.Мәтениязов, Д.Мәтениязов, Қ.Нұрмахан, Қ.Қыдыров, Ы.Балжігітова сынды ауданымыздың қолөнер шеберлерінің музейге табысталған жәдігерлері және құндылығы жоғары көне бұйымдарымыз болып табылатын сүйектелген сандық, ер-тұрман, батырлар киімі сынды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылып Бейнеу жұртшылығының ыстық ықыласына ие болды.