Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Өнеге тұнған ғибратты ғұмыр» тақырыбында еске алу кеші

Жылыой аудандық музейінде Жылыой ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім, Қазақ Республикасы Халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, жоғары категориялы мұғалім, мұғалім-әдіскер, Республика дәрежесіндегі зейнеткер шежіреші, ақын Жанаш Нұрмахановтың 100 жылдығына арналған «Өнеге тұнған ғибратты ғұмыр» тақырыбында еске алу кеші болып өтті. Шараға ұстаздың ұрпақтары, шәкірттері, ауылдастары және өзі

Жылыой аудандық музейінде Жылыой ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім, Қазақ Республикасы Халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, жоғары категориялы мұғалім, мұғалім-әдіскер, Республика дәрежесіндегі зейнеткер шежіреші, ақын Жанаш Нұрмахановтың 100 жылдығына арналған «Өнеге тұнған ғибратты ғұмыр» тақырыбында еске алу кеші болып өтті. Шараға ұстаздың ұрпақтары, шәкірттері, ауылдастары және өзі ұзақ жылдар басшылық еткен №3 мектеп оқушылары қатынасты. Шара барысында «Ел есінде қалған тұлға ғасыр жаста» тақырыбында көрме, білім саласының көшбасшысы атанған Ж.Нұрамаханұлының өмірбаянынан жасақталған «Ұстаз аты — биік әрі мәңгілік» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Өз кезегінде сөз алған жергілікті ақындар Ұ.Сисекенов, Қ.Қалдыоразов, шәкірттері А.Білбаева, Қара-арна ауылдық округы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Махамбетов Ж.Нұрмаханұлының өнегелі өмірі, қажырлы еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық азаматтық істері жайында әңгіме өрбітті. Маратұлы Саят, Жоламан Ерасыл, Жәнібекқызы Саят, Ізім Бекжан Жанаш ақынның өлеңдерін, Жаңбырбай Ерназ Қ.Қалдыоразовтың 1960 жылы жазған арнау өлеңін нақышына келтіре оқыды. Кешті музей қызметкері қорытындылап, келушілерге ризашылығын білдірді.