Аудандық музейде әдістемелік жоспарға сәйкес жаңа оқу жылының басталуымен қатар “Жас өлкетанушылар” үйірмесі өз жұмысын жалғастырады! №18 мектептің тарих пәні мұғалімі Серік Салықұлының жетекшілігімен 10 — сынып оқушыларынан құралған “Жас өлкетанушылар” үйірмесімен “Қойнауы қазыналы — Атамекен” атты алғашқы сабақ және “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Құлсары қаласы күніне орай “Құлсарыдағы сәулет өнері” тақырыбындағы тарихи экскурсия жүргізіліп, музей экскурсоводы Алтынгүл Есболсынқызы мен музей әдіскері Жазира Бердіқұлқызы қаламыздағы орналасқан сәулет ескерткіштері жөнінде кеңінен мағлұмат берді.
Өскелең ұрпаққа өз өлкесінің тарихын біліп, оны мәңгі жадында сақтап ұлықтауға, ұлағаттауға тәрбиелеу аталмыш экскурсияның басты мақсаты.
http://zhmuzei-atamura.kz/kz/zha-aly-tar/https://old.maslihaty.kz/zha-aly-tar/216-zhas-lketanushylar-jirmesi-z-zh-mysyn-zhal-astyrady-2.html#sigFreeIdf8842b8294