Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Ұлттық өнер-тәрбие көзі» атты шеберлік сағаты

Жылыой аудандық музейінде қолөнер шебері Маншук Таңатарқызының тоқыма тоқу бойынша "Ұлттық өнер - тәрбие көзі" атты шеберлік сағаты өтті. Шара мақсаты: халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сәндік қолөнерді дамыту, қазақтың қолданбалы өнері жайлы білу. Қазақтың қолөнерін қастерлеу

Жылыой аудандық музейінде қолөнер шебері Маншук Таңатарқызының тоқыма тоқу бойынша «Ұлттық өнер — тәрбие көзі» атты шеберлік сағаты өтті. Шара мақсаты: халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сәндік қолөнерді дамыту, қазақтың қолданбалы өнері жайлы білу. Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.

Шара барысында шебер оқушыларға қолмен тоқу өнерін жан-жақты таныстыра отырып, тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қой жүнінен тоқылатын бұйымдардың түрлерімен таныстырды. Шебердің қолөнер туындыларынан көрме жасақталып келушілер назарына ұсынылды. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.