Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Жылыой аудандық музейінде «Жастығын жалын шарпыған» атты шарасы болып өтті

Жау жағадан алып, ер азаматтың намысы тұтанғанда Жылыой топырағынан майданға аттанып, толарсақтан саз кешкен, жауды өз ұясында талқандап, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған батарея командирі, гвардия аға лейтенанты, үш орденнің иегері Қонаров Үркін атамыздың құрметіне арнап Жылыой аудандық музейінде «Жастығын жалын шарпыған» атты шарасы болып өтті. Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Біле білсек, бүгінгі

Жау жағадан алып, ер азаматтың намысы тұтанғанда Жылыой топырағынан майданға аттанып, толарсақтан саз кешкен, жауды өз ұясында талқандап, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған батарея командирі, гвардия аға лейтенанты, үш орденнің иегері Қонаров Үркін атамыздың құрметіне арнап Жылыой аудандық музейінде «Жастығын жалын шарпыған» атты шарасы болып өтті. Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Біле білсек, бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол аға ұрпақтың, ардагерлеріміздің арқасы. Шараға ардагердің ұрпақтары, баспасөз қызметкерлері және «Жылыойдың құрметті азаматы», Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жылыой аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қонаш Қалдыоразов, музей жанындағы кеңес мүшесі, сөз шебері, Жылыойлық ақын, журналист, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» Бүркіт Базарбаев қатынасты. Шара барысында «Ерлігі –үлгі, өмірі-өнеге» тақырыбында уақытша көрме, «Ұрпақтары ұмытпайтын ұлы ата» тақырыбында бейнебаян жасақталып, қонақтар назарына ұсынылды. Жылыойлық танымал әншілер Жиенбаева Назгүл «Ақмаңдайлым» әнімен, Жұмағалиева Нұргүл «Ақсұңқарым» әнімен көрермен көңілін бір серпілтіп тастады. Шара соңында сөз алған Үркін ата ұрпақтары Б.Атыраубаев, Т.Қонаров, Қ.Санахаева естелік әңгіме өрбітіп, музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.