Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Қ.Оразбаевтың музей қорында жинақталған құжаттары, марапат-төсбелгілері, қаламынан туған шығармалары, тұтынған бұйымдары көрсетілді.

      Ақын-журналист, «Жүрек жылуы», «Қарашүңгіл», «Мұнайшының ұлы», «Дариға дәурен», «Ғұмыр дариға» т.б. жыр жинақтарының авторы, Жылой аудандық «Ембі» газетінің редакторы, Қазақстан Журналистер одағы, Қазақстан Жазушылар одағы, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағының иегері Қаржау Оразбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай №15 орта мектепте «Дариға дәурен» тақырыбында көрме қойылды. Көрмеде Қ.Оразбаевтың музей қорында жинақталған құжаттары, марапат-төсбелгілері, қаламынан туған шығармалары, тұтынған бұйымдары көрсетілді.