Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Жылыой ауданы әкімі жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі аудандық «Ата-Мұра» музейі ұжымымен бірлесіп «Алғыс айту» күніне орай мерекелік дөңгелек үстел өткізді.

Жылыой ауданы әкімі жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі аудандық «Ата-Мұра» музейі ұжымымен бірлесіп «Алғыс айту» күніне орай мерекелік дөңгелек үстел өткізді.

Шараға аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Нурмаханова, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Ақназаров, орынбасары М.Қақпанбаев, мүшелері Қ.Бекенов, О.Даниялов, А.Текебаев, Б.Нұржанов, мүшесі, әрі аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М.Абдигалиева, мәдениет саласының ардагері Д.Қалдыбаев, өзге ұлт өкілдері С.Самигуллина, А.Круцкая, А.Романов, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандағы сарапшысы А.Сыдыкова және музей қызметкерлері қатысты.

Аудандық музей қызметкері А.Тұрсынова жиналғандарға музей ішінде экскурсия жасап, аудан тарихы мен тарихи тұлғалар туралы тың деректермен таныстырып өтті, және Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Ақназаров Қаңбақты туралы, ауданға өзге ұлттардың шоғырлану тарихы туралы келгендерге қосымша ақпарат берді.

Шараның екінші бөлімінде дөңгелек үстел басына жиналғандарға Д.Қалдыбаев, О.Даниялов, М.Абдигалиева, С.Самигуллина, А.Круцкая жүрек жарды Алғыс сөздерін жеткізді, ауданда ширек ғасырдан көп уақыттан бері тұрып жатқандарын айтып, жергілікті халықтың бауырмалдығы туралы естелік әңгімелерімен бөлісті.

Ауданның гимніне айналған, биыл елу жыл толып отырған «Кең Жылыой» әнінің авторы Қ.Бекенов пен есімі күнделікті Қазақ радиосы арқылы бүкіл республикаға танымал Д.Қалдыбаевтардың орындауында тамаша әндер айтылса, ауданда домбыра сыныбы бойынша музыкалық мектепті тәмамдаған орыс баласы А.Романовтың орындауында қазақтың күйлерін нақышымен орындап берді. Соңында келгендерге ауданнан шыққан кітаптар сыйға тартылып, ықылас гүлдері берілді.