Жылыой аудандық музейінде «Салт-дәстүрімнің жаңғырған күні» тақырыбында мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Шараның бірінші бөлімінде өнер мектептері оқушылары арасында шежіре күніне орай, «Шығармашылық демі» тақырыбында өнер көрме байқауы өтті. Аталған көрмеге «Талант», «Қылқалам», «Икем» студиялары және «Құлсары балалар өнер мектебі», «Жас техниктер» мектебі оқушыларының өнер туындылары қойылды. Өнер иелері өз туындыларын таныстыра келе техникасы мен композициясын сипаттады. Көрме байқауының номинациясы тағайындалғанша қонақтар наурыз мерекелік шарасын тамашалады.
Ұлық мереке тағылымдарын танытатын шара №8 мектеп мұғалімі Ранида Талғатқызы жетекшілік ететін 7 сынып оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара барысында «байғазы», «шаш өру», «көрімдік», «бесікке салу» сынды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері көрсетіліп, ұлттық ойындар «асық ату», сонымен қатар қазақтың күмбірлеген домбырасында күй ойнап, қазақтың ұлттық биі «Қамажай» биі мен «Наурыз» әні музей төрінде шырқалды.
Шара соңында «Құлсары балалар өнер мектебі» оқушылары «Ұлттық қазына мұрагерлері», «Талант» студиясы «Өнерлі өрендер», «Икем» студиясы «Заман үйлесімі», «Жас техниктер» студиясы мен «Қылқалам» студиясы «Ұлттық өнер жанашырлары» номинацияларымен және барлық шараға атсалысушылар музей атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.








