Әдістемелік жоспарға сәйкес №5 мектептің @abai_mektep_5_kulsary 6-7 сыныптарынан құралған «Жас өлкетанушылар» үйірмесімен «Кең Жылыой біздің елдің тиянағы» тақырыбында дәріс болып өтті. Дәріс барысында Жылыой өңіріндегі өзен-көл, тау-төбелер атаулары жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Иманқара, Желтау, Қамыскөл, Жем өзені, сонымен қатар тау-төбелерде орналасқан Шолабай, Шерліғұл, Ортатау секілді діни-тұрмыстық кешендері туралы мағлұматтар айтылып, дәріс соңында өлкетанушылар өз пікірлерін білдірді.
