Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

18-сәуір — Халықаралық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күніне

2023 жылдың 3 мамыр күні «18-сәуір — Халықаралық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күніне» орай «Қойнауы шежіреге толы құтты мекен» тақырыбында Иманқара таулы үңгіріне тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға музей жанынан құрылған «Жас өлкетанушылар» үйірмесіне қатынасатын №5 мектептің 18 оқушысы қатыстырылды. Экскурсия барысында «Жас өлкетанушылар» үйірмесі мүшелеріне «Қазақстанның киелі жерлері» картасына енген Иманқара таулы кешенінің тарихы, Иманқара үңгірі туралы бірнеше нұсқалар айтылып, аталған мекенде кездесетін өсімдіктер туралы кеңінен мәлімет берілді.