Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Бәріміз әлемді бейнелейміз

Жылыой аудандық музейінің ұйымдастыруымен «Нұрсая» саябағында Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде «Бәріміз әлемді бейнелейміз» тақырыбындағы асфальтта сурет салу байқауы өтті.

Байқауға қатысу үшін 15 суретші музейдің әлеуметтік желісіне жарияланған жарнама бойынша өзі салған бір жұмысын ұсынған болатын.

Шара мақсаты балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салуғa деген ынталарын артыру.

Еркін тақырыпта бүлдіршіндер сурет салғанша @vkusnyashki_kulsary көңілді аниматорлар орталығы балаларға ойындар ұйымдастырып, би билетті. Байқау соңында балалардың жұмыстары бағаланып музей атынан естелік сый табысталды.