Жылыой аудандық музейі қорынан «Жылыойлық тұлға ғасыр жаста» атты «Кең Жылыой» мәдениет үйінде көшпелі көрме ұйымдастырылды.
ҰОС қатысушысы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қызметкері, Отан соғысы, III-дәрежелі Даңқ, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ауылшаруашылығы саласының маманы Ізбасов Шафихтың 100 жыл толуына орай «Ер есімі — ел есінде» еске алу шарасына Жылыой аудандық музейі қорынан «Жылыойлық тұлға ғасыр жаста» атты «Кең Жылыой» мәдениет үйінде көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге марапаттары, құжаттары, «Орден» кітапшалар, тарихи фотосуреттерден құралған фото альбомдары және жеке тұтынған бұйымдары, фото галерея көрермен назарына ұсынылды.




